Шалқар артезиан алабы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шалқар артезиан алабыАрал теңізінің солтүстігіндегі жер асты суы бар өңір. Ол солтүстігінде Мұғалжардан басталып, оңтүстікте Арал мен Үстірт жотасына келіп тіреледі. Шалқар Артезиан Алабы ауылы ауылында әрқайсысының қалыңдығы 100 — 120 м-дей болатын және жоғарғысы полеогеннің, төменгісі бордың құмды шөгінділерінде қалыптасқан арынды және арыны төмен сулы қабаттар орналасқан. Үстіңгі (палеоген) сулы қабат 150 — 200 м, астыңғысы (бор) 300 — 600 м тереңдікте. Су арынының күші өте зор, қазылған ұңғымалардан су шапшып өздігінен төгіледі. Әр ұңғыманың тәуліктік су өнімі қабаттардың үстіңгісінде 500 — 1200 м³. Судың минералдылығы Мұғалжар маңында 1 — 2 г/л, алаптың ортаңғы жағында 2 — 3 г/л, Арал маңында 2 — 5 г/л. Үстіртке таяу жерде Базай, Аққұлқы газ кендерінің маңында астыңғы сулы қабаттың минералдылығы 10 — 15 г/л, үстіңгі қабатта 60 — 75 г/л. Шалқар Артезиан Алабы ауылының тұщы және аздаған ашқылтым суының табиғи қоры 300 км³-ден астам. Одан жылына 450 — 480 миллион м³ су алып, жер суаруға, елді мекендерді тұщы сумен қамтамасыз етуге болады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub