Шалатай Мырзахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шалатай Мырзахметов (1946 жылы туған, Шәуілдір ауылы) — қоғам қайраткері. 1968 ж. Қазақ химия-технология институтын, 1992 ж. Қазақстан менеджмент, эко¬номика және болжам институтын (КИМЭП) бітірген. Еңбек жолын 1962 ж. Арыс кеңшарында тракторшы болып бастаған. 1971—88 ж. Қызылқұм ауданында құрылыс инженері, колонна бастығы, ауатком төрағасының орынбасары, 1988—92 ж. Созақ ауаткомының төрағасы қызмет- терін атқарды. 1992—2000 ж. "Жібек жолы" әмбебаб тауар биржасының президенті, 2003 жылға дейін Отырар ауданының әкімі. 2003 жылдан Оңтүстік Қазақстан облыс мәслихатының хатшысы қызметінде.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref> «Құрмет» орденімен (2005); «Үздік еңбегі үшін» (1986), «Астана» (1998), «Ерен еңбегі үшін» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - аға лейтенант.

Діни көзқарасы - мұсылман.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеуіш өркениетті құқықтық ел».

Хоббиі - әдебиет.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет, детективтер.

Үйленген. Жұбайы - Мырзахметова Зина, зейнеткер Қыздары - Баян (1968), Гүлден (1970), Гүлжан (1972), Үлжан (1977); улдары - Қуандық (1973), Шахмұрат (1979), Ермұрат (1984).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шалатай Мырзахметов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}