Шайхы Жантілеуов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шайхы Жантілеуов (1898, бұрынғы Орал облысындағы Ілбішін уезінде – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1919 жылы Орал қаласындағы мұғалімдер семинариясын бітірген. 1919 – 26 жылдары Жымпиты уездік ревалюциялық комитеті ақпарат-нұсқаулық бөлімінің меңгерушісі, еңбек комитетінің төрағасы, уездік атқару комитетінің төрағасы, “Қызыл Ту” газетінің редакторы, Орал губерниясының комитеті үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, губерниялық жер басқармасының меңгерушісі болды. 1926 – 33 ж. Сырдария губерниялық жер басқармасының меңгерушісі, Қызылорда, Алматы қалаларында ауыл шаруашылығын тресінің директоры, Алматы округін атқару комитетті төрағасының орынбасары, Риддер комбинат директорының орынбасары, 1933 жылдың мамыр айынан 1935 жылдың шілдесіне дейін Қазақ АКСР-і халық ағарту халық комиссарының орынбасары, 1935 жылдың наурыз айына дейін коммуналдық шаруашылық халық комиссарының 1-орынбасары, Алматы облысы Шу ауданында атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1938 жылда ату жазасына кесілген. 1958 жылда шілде айында ақталды.<ref>Қазақстанның халық комиссарлары (1920 – 1946), А., 2004.</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub