Шайда Мұхаммед

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шайда Мұхаммед Қазым (1727, Аф-залабад, қазіргі Пәкістан,—1780, Рампур, казіргі Үндістан) — ауғанстан ақыны. Жас кезіндө жан-жақты білім алды, араб, парсы, урду тілдерін білді, музыка және сурет салу өнерімен шұғылданды. Шайда шығармашылығына суфизм идеясы көп әсер етті. Әсіресе Шайда поэзиясына «үнді стилінде» жазылған шығармалардың және Мырза Абдулкадыр Бедиль шығармашылығының ықпалы мол болды. Ауғанстан поэзиясы тарихында «үнді стилінде» жазылған шығармалар дәстүрін тұңғыш Шайда қалыптастырды. Оның бұл саладағы еңбегі 1767 ж. Рампурда жазылған өлеңдер жинағында кең көрініс тапты. Шайда шығармаларының түр құрылысы күрделі, оның өлеңдеріне классикалық парсы-тәжік поэзиясынан енген лексикалық нұсқалар мол ұшырасады.<ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер