Чедвиг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЧЕДВИГ (Chadwіck) Джеймс (20.10.1891, Манчестер — 24.7.1974) — ағылшын физигі, Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1927). Резерфордтың шәкірті. Манчестер және Кембридж ун-ттерін бітірген. 1923 — 35 ж. Кембридж ун-тінде сабақ берді. Кавендиш лаб. директорының орынбасары болды. 1935 — 48 ж. Ливерпул ун-тінің Гонвил және Киз колледжінің директоры. Ч-тің еңбектері негізінен атом ядросы физикасына арналған. Ол 1920 ж. платина, күміс және мыс ядроларының α-бөлшекті шашыратуын бақылады. Мұның нәтижесінде Ч. ядролардың зарядын тікелей өлшеді. Сөйтіп, атомның Резерфорд жасаған теориясын дәлелдеп берді. Ч. 1932 ж. нейтронды ашып, 1934 — 35 ж. оның массасының дәлірек мәнін анықтады. 1943 — 45 ж. Лос-Аламос (АҚШ) лаб-нда атом бомбасының жобасын жасау жұмысымен айналысқан ғалымдар тобын басқарды. Нобель сыйл. лауреаты (1935).


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}