Чакона
ЧАКОНА
- Чакона Баха.jpg
http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/7/77/%D0%A7%D0%B0%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%B0_%D0%91%D0%B0%D1%85%D0%B0.jpg</references> (исп. chacona, итал. cіaccona) — ескілікті музыка жанры. Қазіргі уақыттағы
музыкада Ч. өзгеріссіз қайталанып отыратын полифон. вариациялар жасау үшін ғана
қолданылады. Ч. 16 ғ-дың аяғынан бастап Испанияда алғашында халық биі ретінде белгілі
болған. Бастапқыда Америкадан келген бұл би өте шапшаң, жылдам орындалатын; бірте-
бірте еур. елдерге тарап, 17 ғ-да ол баяу, салтанатты сипаттағы балет биіне айналды.
Қарқыны баяу Ч-ның муз. өлшемі . Комп. Ж.Б. Люлли балеттерінің соңғы қорытынды
нөміріне Ч-ны пайдаланған. 17 — 18 ғ-ларда Ч. өзгеріссіз, тұрақты түрде қайталанып
отыратын аспаптық пьеса ретінде қалыптасты. Осы муз. жанрда көптеген композиторлар
еңбектенді. Әсіресе, комп. И.С. Бах жеке скрипкаға арналған ғ2 партиттерінде Ч-ның
үздік үлгісін жасады. Л. ван Бетховен фортепьяноға арналған көптеген пьесаларын (соның
ішінде 32 вариац. до минорын) Ч. түрінде жазған.
С. Көбеева