Цифрлық ЭЕМ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Цифрлық ЭЕМ (Цифровая ЭВМ; digital computer) — дискрет шамалармен операция орындайтын компьютер. Компьютерде барлық есептеулер ақырлы сандармен және дискрет сандарды ұсыну разрядтылығымен анықталатын шектеулі дәлдікпен жүргізіледі. Цифрлық ақпарат, әдеттегідей, екі қалып-күйге тән электрлік процесстердің (мысалы, желіде ток ағытылған — қосылған, кернеу деңгейі жоғары — төмен, тізбеде ток бар-жоқ жөне т.б.) көмегімен беріледі. Осындай қалып-күйдің әрқайсысы екілік айнымалы: 0 немесе 1 мәндеріне тең екендігін көрсетеді. Әдетте, цифрлық компьютерде автоматты түрде басқару немесе (программа көмегімен) операцияның орындалу тізбектілігінің тапсырмасы қарастырылады. Соның арқасында адамның сырттан араласуынсыз компьютер кідіріссіз жұмыс істейді.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub