Цитогенетика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Bcrablmet.jpg
FISH әдiсінің қолданылуы
Сурет:NHGRI human male karyotype.png
Адамның еркек кариотипі

Цитогенетика (Үлгі:Lang-el — жасуша және генетика) — тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын жасушалық және субжасушалық деңгейде зерттейтін ғылым; цитология мен генетиканың арнаулы саласы.

Цитогенетиканың негізгі зерттеу нысаны — бөлінетін және бөлінбейтін клеткалардағы хромосомалар, олардың табиғи морфологиясы, құрылымдық және химиялық табиғаты, атқаратын қызметі мен әр түрлі күйде болуы.

Цитогенетиканың бөлімдері:

  • Өсімдіктер цитогенетикасы;
  • Жануарлар цитогенетикасы;
  • Адам цитогенетикасы.

Тарихы

Цитогенетика 20 ғ-дың басында Мендель заңдарының қайта ашылуынан кейін, яғни, цитол. тұрғыдан дәлелдеу қажеттілігінен туындады. Бұл кезеңде хромосоманың морфологиясы туралы және олардың мейоз, митоз процестеріндегі рөлдерін көптеген зерттеушілер дәлелдеген болатын (орыс ғалымдары И.Д. Чистяков, 1872; П.И. Перемежко, 1878; неміс ғалымдары Э.Страсбургер, 1875; В.Флемминг, 1882; Т.Бовери, О.Гертвиг, 1884). Сондай-ақ Цитогенетиканың жеке ғылым болып дамуына Ресей ғалымы Г.А. ЛевитскийдіңТұқым қуалаудың материалдық негізі” (1924) және неміс ғалымы К.Белараның “Тұқым қуалаудың цитологиялық негіздері” (1934) атты ғылыми еңбектері де септігін тигізді. Цитогенетика ғылымының көмегімен ажырау, тәуелсіз тұқым қуалау заңдылықтарының, гендердің тіркесуі және кроссинговер процестерінің цитол. дәлелдемелері анықталды.

Цитогенетика әдістері арқылы өсімдіктер, жануарлар және адам хромосомаларының мейоз және митоз процестеріндегі құрылымдары, олардың саны белгілі болды. Сондай-ақ, адамдағы хромосомалық аурулардың табиғаты да осы Цитогенетика әдістерімен анықталып, сипатталды. Цитогенетика электронды микроскопияда, радиоактивті изотоптау әдістерінде, микрофотометрияда қолдану хромосома құрылымын және хромосоманың репликация, транскрипция және трансляция процестеріндегі қызметтерін зерттеуге мүмкіндік берді.

20 ғасырдың 70-жылдарынан Цитогенетика ғылымы хромосоманың құрылымын және қызметін молек. деңгейде зерттей бастады. Цитогенетика ғылымының нәтижелері әр түрлі организмдердің кариотиптерінің эволюциясын түсінуге көмектеседі.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Қазақстандағы цитогенетика

Қазақстанда кейбір Цитогенетикалық мәселелер 20 ғ-дың 30-жылдары зерттеле бастады. Жаздық бидайдың бірнеше сортының моносомалық линиялары шығарылды; жануар жасушасы хромосомасының тұқымдық және өзіндік ерекшеліктері анықталды; хромосома санындағы ауытқулардан болған тұқым қуалайтын аурулар жүйелі түрде зерттелуде; ісіктің радиацияны сезгіштігіне, ондағы өзгерістерге, сондай-ақ уытты ісік жасушасының хромосомасындағы құбылыстарға сипаттама берілді.

Цитогенетикалық мәселелермен Қазақстанда Жалпы генетика және цитология ғылыми-зерттеу институты, ґсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институты, т.б. ғыл.-зерт. мекемелері, ҚазҰУ-дің биология факультеті шұғылданады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref><ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Цитогенетика|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}