Циклды аденозинмонофосфат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Жалпылама ұғым

Циклды аденозинмонофосфат (цАМФ) - жасуша ішінде бесаспап медиаторға жатады жəне сол жасушада көптеген негізгі реакциялардың жылдамдығын реттейді. Қазір анықталғандай, ол - ең алдымен көптеген гормондардың жасушаға əсер етунің күрделі механизміндегі молекулалық делдал. цАМФ барлық ұлпалар мен мүшелердің жасушаларында синтезделеді. Ұлпаларда цАМФ синтезіне əр түрлі гормондар мен медиаторлар əсер етеді, ондай заттың саны 20-дан астам. цАМФ адреналиннің əсерін зерттеу кезінде ешқашан Э.Сазерленд (1959), сол үшін 1971 жылы Нобель сыйлығын алды. Бұл биохимидағы аса ірі ғылыми жаңалық болды.

Химиялық табиғаты

цАМФ АТФ-тан синтезделеді. Бұл процесті аденилатциклаза ферменті катализдейді, ол фермент жасушаның плазмалық мембранасымен байланысқан. Аденилатциклаза ферменті негізінен ақуыздық жəне пептидтік гормондар əсерін реттейді, олар протоплазмаға енбейді. Жасушаның қалыпты жағдайдағы кезінде бұл фермент активті емес. Гормон плазмалық мембранада өзінің рецепторымен əрекеттескен кезде, магний ионы үшін оның өткізгіштігі өзгереді, соның нəтижесінде аденилатциклаза активтенеді де, цАМФ түзілуі күшейеді.

Биологиялық қасиеті

Егер гормондар жасушадағы биохимиялық реакцияларды алғашқы реттегіштер болса, гормондар хабарын əрі қарай жеткізуші цАМФ-ты екінші қатардағы (аралық) реттегіштер деп атайды. цАМФ:

  • бауырдағы гликоген синтезі мен гидролизін;
  • майлы ұлпада триацилглицеролдардың ыдырауын;
  • жүйке жасушаларының активтілігін;
  • бұлшық еттің жиырылуын;
  • мРНК транскрипциясын;
  • ақуыздар синтезін;
  • жасуша өткізгіштігін
  • иммунитет құбылысы сияқты жəне басқа да алуан түрлі процестерді реттейді.

Дереккөз

<ref>Биохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы</ref>