Цефей (шоқжұлдыз)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Cepheus constellation map ru lite.png
Цефей шоқжұлдызы

Цефей (лат. Cepheus) — Солтүстік полюс маңында орналасқан шоқжұлдыз. Ежелгі грек мифологиясындағы Эфиопия патшасы Цефейдің атында аталды. Ол ІІ ғасырда Клавдий Птолемей белгілеген 48 шоқжұлдыздың, қазіргі заманғы 88 шоқжұлдыздың бірі.

Ол Кіші Аю, АйдаҺар, Аққу, Кесіртке, Қарақұрт және Керік шоқжұлдыздары аралығында орналасқан.

Онда магнитудасы 3.5 болған жарығырақ жұлдыз Цефей a (Alpha Cephei) бар. Delta Cephei Цефеидттердің құбылмалы жұлдызы ретінде маңызды бағызы жұлдыздар тобына жатады. RW Cephei, VV Cephei және V354 Cephei Қоңыр жойқын жұлдыз (orange hypergiant) болып, онымен аса алып қызыл жұлдыз Mu Cephei қатарласады.

Сонымен қатар, Цефейде ғаламатжарық Квазар S5 + 81 0014 бар және 40 млрд күн массасына ие аса жойқын қара құрдым бар. Бұл қара құрдымның шамасы Құс жолының өзегіндегі Қара құрдымға қарағанда 10 000 есе үлкен болып, қазірге дейін белгілі болған ең ғаламат қара құрдым есептеледі.

Цефейдің көптеген жұлдыздарын жай көзбен байқауға болады, олардың ішіндегі ең жарығы 3-көрінерлік жұлдыздық шамада жалтырап көрінеді. Цефей шоқжұлдызында айнымалы жұлдыз — Цефейдегі δ орналасқан. Цефеидтер деп аталатын айнымалы жұлдыздар класының аты осы жұлдызға байланысты шыққан. Цефей шоқжұлдызы Қазақстан аумағында жыл бойы көрініп тұрады.

Мифология

Сурет:Paul Gustave Dore Andromeda.jpg
Жартастағы Андромеда, Гюстав Доре

Цефей шоқжұлдызы Эфиопия патшасы Цефейдің атында аталған. Ол әйгілі ару Ионың (Io) арғы атасы есептеледі.

Грек мифологиясы бойынша, Андромеда сол Эфиопия патшасы Цефей мен ханшайым Кассиопеяның (Cassiopeia) қызы. Кассиопея өзінің сұлулығымен таңырқата берген соң теңіз Құдайы Посейдонның әйелі Амфитританың қызғанышына ұшырайды. Амфитрита Посейдонға өш алып беруді талап етеді, Посайдон теңіз құбыжығын жіберіп Эфиопияның қыспақта қалтырады. Цефей Құдайларға жалбарынады. Құдайлар оған оған құтқарылудың бір ғана мүмкіндігі Андромеданы құрбандыққа шалу деген ұсыныс береді.

Әйгілі ағылшы ақыны Жорж Байрон өзінің «Цефей қызы» делінетін өлеңінде бұл туралы Андромеданың аузымен былай деп жырлайды: Үлгі:Дәйексөз - деп, шарық ұра жырлайды.

Андромеда әке-шешесі жағынан темірмен байланып Посайдонның теңіз құбыжығы өтетін жолдағы тасқа байлап қойылады. Кейін Горгон Медузаны өлтіріп, басын кесіп келе жатқан батыр Персей сол жерден өтіп бара жатып Андромеданы көреді де, Медузаның басы арқылы жыртқыштарды тасқа айналдырып, теңіз құбыжығын өлтіріп, оны құтқарып алады.,

Андромеда мен Персей той жасаған кезде Цефейдің інісі Цефейге де көнбей бүлік салады. Үлкен қақтығыс болып Персей көптеген адамдарды қырып, көп сандысын тасқа айналдырады.

Ciлтемелер :

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том