Цефеидтер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Cepheid Pulsations.svg
Цефеида тамыр соғуы
Сурет:HRDiagram ru.png
Герцшпрунг—Рассел Диаграммада лықыл жұлдыздардың облысы

Цефеидтер — жалтырауы белгілі бір периодпен өзгеретін және жарқырауы жоғары болып келген физикалық айнымалы жұлдыздар. Олар периоды 0,07 тәуліктен 1,2 тәулікке дейінгі қысқа периодты Цефеидтер (RR Лира жұлдызы тәріздес) және периоды 1,1 тәуліктен 70 тәулікке дейінгі ұзақ периодты Цефеидтер (Цефейдегі δ және W Бикеш жұлдыздары тәріздес) болып екі топқа бөлінеді. Ұзақ периодты Цефеидтер жалтырауының периоды мен жарқырауының арасында белгілі бір тәуелділік болатындығы байқалады (периоды неғұрлым үлкен болса, жарқырауы соғұрлым жоғары болады). Мұндай тәуелділік сол жұлдызға дейінгі арақашықтықты анықтауға мүмкіндік береді.

Ciлтемелер :

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}