Цербер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Hercules and Cerberus LACMA 65.37.151.jpg
"Геракл және Цербер", Antonio Tempesta (Италия, Флоренция, 1555-1630) Лос-Анджелес өңірлік өнер мұражайы.

Цербер, немесе Кербер (Үлгі:Lang-grc, , Үлгі:Lang-en) <ref>Үлгі:Cite web</ref> — сөздің тіке мағынасы "қараңғыдағы албасты", көне грек мифологиясындағы Төменгі әлем (тозақ) қақпасын күзеткен үш басты қабаған ит. Гесиод "Құдайлар шежіресі" кітабында оның 50 басы болды деп суреттеген<ref>Gantz p. 22; Ogden 2013a, p. 105, with n. 182; Hesiod, Theogony 311–312; Pindar, fragment F249a/b SM, from a lost Pindar poem on Heracles in the underworld, according to a scholia on the Iliad.</ref>. Кейін көптеген өнер туындылары оны 3 басты жыртқыш ит ретінде бейнелеген.<ref>Ogden 2013a, pp. 105–106, with n. 183; Sophocles, Women of Trachis 22–25 ("three-bodied"), 1097–1099; Euripides, Heracles 610–611, 1276–1278; Virgil, Aeneid 6.417–421 ("triple-throated", "three fierce mouths"), Georgics 4.483 ("triple jaws"); Ovid, Metamorphoses 4.449–451 ("three-visaged mouths", "triple-barking"), 9.185 ("triple form"), 10.21–22 ("three necks"), 10.65–66 ("triple necks"), Heroides 9.93–94 (pp. 114–115) ("three-fold"); Seneca, Agamemnon 859–862 (pp. 198–199) ("triple chains"), Hercules Furens 60–62 (pp. 52–53) ("triple necks"), 782–784 (pp. 110–111); Statius, Silvae 2.1.183–184 (I pp. 90–91) ("triple jaws"), 3.3.27 (I pp. 168–169) ("threefold"), Thebaid, 2.31 (I pp. 396–397), ("threefold"), 2.53 (I pp. 398–399) ("tri-formed"); Propertius, Elegies 3.5.44 (pp. 234–237) ("three throats"), 3.18.23 (pp. 284–285) ("three heads") Apollodorus, 2.5.12 ("three heads of dogs").</ref><ref>West, David, p. 108; Ogden 2013a, p. 107; Horace, Odes 3.11.17–20 (West,David, pp. 101–103) ("a hundred snakes … triple-tongued"), Odes 2.13.33–36 ("hundred-headed"), Odes 2.19.29–32 ("triple tongue").</ref>

Мифологиясы

Сурет:Cerberus-Blake.jpeg
Цербер, William Blake

Миф бойынша, Цербер құйын үйіріп, дауыл туғызатын, жүздеген айдағар басты жын-пері Тифон<ref>Hesiod, Theogony 300–314, Acusilaus, fragment 6 (Freeman, p. 15), Hyginus, Fabulae Preface, 151, and Quintus Smyrnaeus, Posthomerica (or Fall of Troy) 6.260–268 (pp. 272–275) all have Cerberus as the offspring of Typhon and Echidna, while Bacchylides, Ode 5.56–62, Sophocles, Women of Trachis 1097–1099, Callimachus, fragment 515 Pfeiffer (Trypanis, pp. 258–259), and Ovid, Metamorphoses 4.500–501, 7.406–409 all have Cerberus as the offspring of Echidna without naming a father.</ref> мен жыланадам құбыжық Ехиднадан туған. Оның бастары көп (3), құйрығы жылан басты, мойнында да улы жылан оратылып жүреді. Геракл оны Астынғы әлемнен жер бетіне алып шыққан соң ол аузынан улы сұйықтық бүркіеді. Улы сұйықтық тамған жерден Уқорғасындар (Aconitum) өсіп шығады. (Овидий өзінің «Метаморфозалар» естелігінде Медея уқорғасыннан пайдаланып улы сұйықтықтар жасайды.

Цербер Астынғы әлемдегі өзен жағасында тұрады (Грек мифологиясы бойынша өлуші жерасты тозағына түскен соң Харон кемесімен тозақ өзенінен өтеді), Аидқа көмектесіп Астынғы әлем қақпасын күзетеді. Ол кез келген рухтың Астынғы әлемге кіруіне жол береді, бірақ ешкімнің одан шығып кетуіне жол бермейді. Сондықтан грек және рим мифологиясы бойынша Астынғы әлемнен тек аз сандылар ғана шыға алған. Олар:

  • Аргонавтардың батыры Орфей, ол өзінің өлген әйелін Төменгі әлемнен құтқарып шыққан. Бұл үшін ол Церберді тәтті әнмен әлдилеп ұйықтатып тастаған.
  • Троя батыры Эней, ол өз тағдырын білу үшін Төменгіәлемге түседі. Ол Церберді бір әйел әулиемен аздырып, ұйықтататын шелпек жегізіп, Цербер мүлгігенде өтіп кетеді. (Овидий: «Эней»)
Сурет:Herakles Kerberos Eurystheus Louvre E701.jpg
Гераклдің Церберді жөнге салуы, (Caeretan hydria (с. 530 BC), (Лувр E701).<ref>LIMC Herakles 2616 (Smallwood, pp. 92, 98); Ogden 2013b, p. 63; Ogden 2013a, p. 105; Gantz, p. 22; Perseus Louvre E 701 (Vase).</ref>
  • Геракл, ол тапсырма бойынша Церберді төменгі әлемнен жер бетіне алып шығады, кейін тапсырма бойынша қайтадан Төменгі әлемге қайтарады. Церберді тірідей жеңу және ырқына көндіру Гераклдің 12 ерлігінің бірі.

Бұдан басқа, Он екі негізгі Олимп құдайларының бірі Гермес Төменгі әлемдегі өзеннің суымен Церберді ұйықтатып тастайды. Махаббат құдайы Эростың көңілдесі Психея да Церберді арнайы шелпек жегізіп ұйқтатып тастайды. "(Апулей «Алтын есек» әңгімесі.)

Көне гректерде қайтыс болған адамның табытына бал құйылған құты қою дәстүрі болған. Бұл бал Цербердің көңілін аулау үшін болған. Өлуші балды Төменгі әлемге өтер алдында Церберге береді деп сенген. Италияның оңтүстігіндегі Аидқа, Персефонаға арналған ежелгі ғибадатхананың қақпа қабырғасында итті байлауға арналған темір шынжыр байқалған. Бұл әрине Церберге қатысты әңгіме екені анық.

Сүлеймен тізімдеген 72 албасты арасындағы 24-албасты Маркиз Набериус осы Церберге қатысты.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер