Целиноград драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Целиноград драма театры 1.jpg
Целиноград драма театры

Целиноград драма театры - Целиноградтың М. Горький атындағы Ақмола облыстық орыс драма театры.

Тарихы

1955 жылы Ақмола өлкелік драма театры деген атпен құрылып, сол жылы 22 желтоқсанда тұңғыш рет театр шымылдығы В. М. Гусевтің «Иван Рыбаков» атты драмасымен ашылды. Алғашында жаңа ашылған театр труппасына МХАТ, Кіші театр, Мәскеудің Сатира және Ленин комсомолы атындағы театрлары қамқорлық жасады. Театр репертуарынан классикалық (А. Островскийдің «Тұңғиығы», совет (Погодиннің «Тыңға аттанған үшеуі», «Үшінші шабыты» мен «Кремль куранттары», Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы», Лондонның «Ұрлығы»), және шетел (Де Филиппоның «Филумена Мартураносы», Крониннің «Броуди қамалы» тағы басқа) драматургиясының туындылары орын алды. Мұнда режиссер Е. Е. Орел, А. Смеляков, актерлер А. А. Броженко, И. М. Быстрицкая, М. Ковалева, Г. Морев, Н. Г. Назарковская, Г. А. Пономарев, Д. Ф. Терентюк, К. Чистякова тағы басқа қызмет етіп, театр труппасының қалыптасып дамуына үлес қосты. 1966 жылы облыс драма театрына айналды. 1968 жылы театрға М. Горькийдің есімі берілді. Гастрольдік сапармен театр труппасы Балқашта, Днепропетровскіде, Екібастұзда, Жезқазғанда, Кривой Рогта, Көкшетауда, Қарағандыда, Новосибирскіде, Теміртауда, Алматыда (1969) тағы басқа қалаларда болып, өнер көрсетті.

Қазіргі театр ұжымы

Театр труппасында Қазақстан ССР халық әртісі Е. Е. Орел, Қазақстан ССР-інің еңбек сіңірген әртістері В. Т. Архипенков, Л. С. Групп, Е. Марулина, Н. М. Моливидов, Молдавия ССР-інің еңбек сіңірген әртісі Р. И. Светинская, режиссер В. Е. Горюнов тағы басқа қызмет етеді. Театрдың бас режиссері – Қазақстан КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері И. И. Сермягин.

Қолданылған әдебиет

Шербаков К., Живет такой театр, «Комсомольская правда».