Хюрийет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Хюрийет»1868 жылы Намық Кемал бастаған топ шығарған басылым. Газеттің ұстанған бағыты – Османлы мемлекетінің басқару жүйесін өзгерту, тілді халық тіліне жақындату, оқу жүйесін жақсатрту, мәжіліс орнату. Олар осы бағытта халыққа үкімет басындағыларды әшкерелейтін түрлі материалдар ұсына бастады. Сондықтан да басылым халықтың үнемі қолынан тастамай алып жүретін басылымдардың біріне айналды. Басылымдағы мақалалар өсектен гөрі шындыққа жанасатын еді. Осы себептен де халық оған сенді. Көп ұзамай бұл басылым да билік тарапынан қысым көре бастады. Қуғында жүріп газет шығару ісімен айналысуын доғармаған Намық Кемалдың жағында халық тұрды. Оның таралымы да осы кезеңдерде көбейе түсті, оқырмандарының саны ұлғайды.<ref>Рамазан А. Шетел журналистикасының тарихы: Оқулық. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006 ж.</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}