Хронокондуктометрлік титрлеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хронокондуктометрлік титрлеу - кондуктометрлік титрлеу барысында талданатын ерітіндіге титрант белгілі бір тұрақты жылдамдықпен немесе бірдей мөлшердегі шамалы үлеспен белгілі бір уақыт аралығында беріледі. Өзі жазатын аспаптын диаграммалық таспасында электр өткізгіштік пен уақыт координатына сәйкес келетін кондуктометрлік титрлеу қисығының үзіліссіз сызық немесе үзікті көп нүкте түріндегі ізі түседі.

Мұнда талданатын қосылыс концентрациясы аспап көрсеткішіне пропорционал болуы керек. Титрлеудің соңғы нүктесіне дейін титрлеу уақыты косылған титрант көлеміне пропорционал болатындықтан, талданатын құрамдас бөліктің концентрациясын эквивапент нүктесіне дейінгі титрант концентрациясы мен уақыты бойынша анықтайды. Қазіргі кезде құрылымы мен қолданылуы сан алуан автотитрлеу қондырғылары шығарылуда.<ref>Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}