Хризолит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хризолит (грек. chrysos — алтын және lіthos — тас), перидот — оқшауланған силикаттар тобына жататын оливиннің мөлдір түрі. Антикалық дәуірден белгілі құнды асыл және әшекейлік зат.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref> Химиялық формуласы (Mg, Fe)2[SіO4], қоспалары: Mn, Cr, Ca, Nі, Co, химиялық құрамы тым өзгергіш. Ромбылық сингонияда кристалданады, кристалдары призма тәрізді, агрегаттары түйіршікті, тығыз. Түсі сары, сары қоңыр, жасыл, жіктілігі жетілмеген. Табиғатта аса негізді және негізді магмалық тау жыныстарында; кейде кальцефирлерде, кимберлиттерде кездеседі. Хризолит Пәкстан, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Африка, Кения, Бразилия елдерінде кездеседі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub