Хосе Ортега-и-Гассет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сурет:Jose Ortega y Gasset.jpg
Хосе Ортега-и-Гассет

Хосе Ортега-и-Гассет (Үлгі:Lang) — испан философы, мәдениеттанушы (1883—1955).

Хосе Ортега-и-Гассеттің мәдениет философиясы «идеялар мен сенiмдер» туралы iлiмiне негiзделедi және бұл оның философия тарихының өзегiн құрайды.

Әлеуметтік өмiрдiң және кез келген мәдениеттiң өзегiн танытатын нанымдар жекелiк және ұжымдық болады. Тарихи дaғдapыc дәстүрлi сенiм-нанымдардың құлдырау кезеңiнде болады. Шектен тыс ритуалдaнған, өлi мәдениет адамға өмiрде бағдар бола алмайды; ол идеялар мен нормалардан адам ceнімін жоғалтады.

Жаңа идеялар мен сенiмдер iздеу дағдарысты кезеңдердi әртүрлi теориялармен, философиялық доктриналармен, дiнбұзарлықпен толтырады, сонымен қоса көпшiлiктiң «варварлануына» алып келедi. Тарихтың әрбiр шешушi сәттерiнде саяси сахнада осы варварларға жетекшi болатын «Әрекет адамы» табылады.

«Көпшiлiк көтерiлiсi» еңбегiнде ол саяси қозғалыстарды — фашизм, коммунизм — «көпшiлiк қоғамның» және «көпшiлiк адамының» пайда болуымен байланыстырады. Сонымен қатар ол «Өнердiң адамгершiлiксiзденуi» еңбегiнде қазiргi мәдениеттің дағдарысының әр қырын және «көпшiлiк мәдениетiнiң» пайда болуын қарастырады.

Ол үшiн еуропалық контекстегі испан ойы, философияның болуы анык,талмаған мәселе болды. Ол испандық болмыстың өзiн драмалык, деп қарастырады. Оның ұлттық дүниетаным ерекшелiктерiнен бастап ipi ақындар мен суретшiлердiң портреттерiне дейiнгi маңызды тақырыптарды қамтитын эсселерi испан мәдени өміріне арналған. Испандық жағдайлар мен еуропалық таным тоғысында артегиандық философиялық метафора пайда болды. <ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хосе Ортега-и-Гассет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}