Хор (телесериал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телесериал «Хор» (ағыл. Glee – бирнеше адам айтатын өлең) – мюзикл, драма және комедия элементтері бар,

АҚШ пен Канадада Fox телеарнасымен таратылатын телехикая. Сюжет ойдан шығарылған Огайо штатында, Лайма Уиллиям Маккинли мектебінің ішінде құрылған «Жаңа бағыттар» (ағыл. “New Directions”) хоры туралы айтады. Сюжеттік желілер хористтер арасындағы қарым-қатынастарды (олардың ішінді 8 негізгі кейіпкер бар), хор жетекшісі және испан тілі мұғалімі және оған қоса хорды жапқысы келетін, қолдау тобының өктем бапкері туралы айтады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Райан Мерфи, Брэд Фэлчак, Иэн Брэннан - телехикаяның авторлары. Пилоттық серия 2009 жылының 19 мамырында, American Idol шоуының финалынан кейін көрсетілді. Екінші эпизод 9 қыркүйек 2009 жылы шықты, ал бірінші сезонның соңғы эпизоды 9 маусым 2010 жылы шықты. Екінші сезон 21 қыркүйек 2010 жылы және 24 мамыр 2011 жылы аралығында, үшінші сезон 20 қыркүйек 2011 жылы және 22 мамыр 2012 жылы аралығында, төртінші сезон 13 қыркүйек 2012 жылы және 9 мамыр 2013 жылы аралығында көрсетілген. Бесінші сезон 26 қыркүйек 2013 ж. және 14 мамыр 2014 ж. және алтыншы, соңғы сезон, 9 қаңтар 2015 ж. және 20 наурыз 2015 ж. аралығында таратылды. Актерлерді олардың вокалдық көрсеткішіне жіне актерлік шеберлігіне қарап, таңдаған. Телехикаяда орындалған композициялар өте әйгілі болды. Жалпы алғанда, 41 млн сингл көшірмелері және 21 млн альбом көшірмелері сатылды, 200 аса композиция мен сингл Billboard Hot 100 чартында орын алды – The Beatles пен Элвис Пресли кезіңінен бастап ең жоғарғы көрсеткіш.

Трансляцияның басында телехикая критиктерден позитивті пікір алды,«Эммидың» 19 сыйлығына, «Алтын глобустың» 4 сыйлығына, «Спутниктің» 6 сыйлығына және басқа сыйлықтарға 57 әртүрлі номиция алды. «Хор» «Эммидің» «Үздік телехикая – комедия немесе мюзикл» номициясының екі рет иегері болды – 2010 және 2011 жылдары. Ал 2010 жылы Крис Колфер «Үздік екінші планды актер – мини-телехикая, телехикая, телефильм» номициясында үздік болды. Джейн Линч «Эммиді» «Үздік екінші планды әйел актер – комедиялық телехикая» номинациясында ұтса, Нил Патрик Харрис «Үздік шақырылған актер – комедиялық телехикая» номинациясын алды, ал 2011 жылы Гвинет Пэлтроу «Үздік шақырылған әйел актер – комедиялық телехикая» номинациясынан ұтты.

Сюжет

Негізгі кейіпкерлерінің бірі Уилл Шустер, испан тілінің мұғалімі, хорды құруды бастады. Басында коллектив тек қана өз сыныптастарының қорлаушылығына түсетін оқушыларды қызықтырды. Шустер хордың деңгейін көтергеннен кейін, хорға мектепте танылған оқушылар қосылады. Аздап – аздап бір команда болып, өзіне шенушілік пайда болады. Осылай олардың «танымал» және «бейбақ» деп бөлетін, касталық жүйеге иммунитеті пайда болады.

Актерлік құрам және кейіпкерлер

Сурет:Chris Colfer--Comic Con 2010-2.jpg
Актер Крис Колфер Курт Хаммелдің рөлін орындады
Сурет:Cory Monteith at GLAAD Awards.jpg
Кори Монтейт Финн Хадсонның рөлін ойнады

Кастинг кезінде телехикаяның негізін қалаушылардың бірі – Райан Мерфи, театралдық рөлдерді ойнауға ұмтылысы бар актерлерді іздеді. Осылай ол 3 ай Бродвейдегі актерлерді бақылай отырып, Мэттью Моррисонға, Лиа Мишельге, Дженна Ашковицке рөлдерді ұсынды.

Сурет:Jane Lynch.jpg
Джейн Линч  Сью Сильвестрдің рөлін ойнады

Әдеттегі тыңдалымға келгендер өз актерлік шеберлігінен басқа, вокалдық және би шебрлігін көрсету керек болды. Осылай, кәсіби тәжірибесі жоқ Крис Колфер Арти Абрамс рөліне тыңдалым өтті. Тыңдалымда «Чикаго» мюзиклдан «Mr. Cellophane» композициясын орындады. Кастинг- директорлары Колфердің орындауы өнеріне таңғалғаны соншалық, әдейі Колфер үшін Курт Хаммел кейіпкерін еңгізді. Джейма Мейс тыңдалым кезінде The Rocky Horror Show мюзиклдың «Touch-a, Touch-a, Touch-a, Touch Me» партиясын орындады, ал Кори Монтейнт өз агенті арқылы ол қарындашпен суырып салынған барабандық қондырғыда ойнаған видеоны жиберді. Райан Мерфиге бұл идея ұнаған, бірақ оның вокалын да естісі келген. Осылай Монтейт REO Speedwagon америкалық рок-тобының «Can’t Fight This Feeling» композициясын орындады, ал кейін Лос- Анджелесте өткен «жанды» тыңдалымда қатысты. Кевин Макхейл өз тобымен келгеніне қарамастан, рөл тек қана Макхейлге берілді. Джейн Линч ең басында «қонақ» рөлін ойнауға келіскен<ref>Үлгі:Cite web</ref>, бірақ сосын тұрақты екінші планды актер ретінде келісім-шартқа қол қойды. Оның кейіпкері телехикаяның харизмалық кейіпкерлерінің бірі және кейбір серияларды бірінші планға шығарылған. Нәтижесінде, «Хорда» 15 актер тұрақты рөлдерді алды. Моррисонге Уилл Шустердің – испан тілінің оқытушысының және қосымша хордың жетекшісінің рөлі берілді. Джейн Линч қолдау тобының өктем және хорды жабуды мақсаттанатын бапкердің рөлін алды. Мейс Эмма Пиллсберилің - обсессивті-компульсивті бұзылуымен ауырытын, мектеп психологының рөлің алды, Шустерге ғашық. Шустердің әйелің (кейін бұрынғы әйелінің), Терри Шустердің рөлі Джессалин Гилсигке берілді. Хористер арасында хордың лидерінің рөлін Лиа Мишель алды. Монтейт Финн Хадсонның – хордың негізгі солисттің және футбол командасының капитанның рөлін алды. Эмбер Райли ұжымға Мерседес Джонстың рөлімен қосылды – қара терілі, күшті дауыстың иегері, соло партияның жоқтығына наразылық білдіретін хорист. Крис Колфер Курт Хаммелді ойнады – ашық гей болғандықтан қорлауға ұшырайтын және озінің контртенорын қолданып, кейбір кезде хорда әйел партиясын орындайтын хорист. Макхейлге Арти Абрамстың рөлі берілді – аяқ параличі бар және мүгедектер арбашасын қолданатын хорист. Ашковиц Тина Коэн-Чангтың рөлін алды – корей ата-тегі бар американдық, сөйлеу дефекті бар деп өтірік айтатын хорист. Марк Саллинг Ной «Пак» Пакерман – Финның досының рөлін алды. Диана Агрон Куинн Фабренің – қолдау тобының капитанының рөлін алды. Ная Ривера мен Хизер Моррис екінші кезектегі Сантана Лопес пен Бриттани Пирстің рөлдерін алды, алайда екінші сезонда олар бірінші планды актерлер болды. Майк О’Мелли Курттың әкесін ойнады, екінші сезнда да тұрақты рөлге ие болды.

Үшінші сезонда Мерфи екі кейіпкерді бірінші планға шығаруды шешті. Олар: биші және әнші Майк Чангты (рөлін Гарри Шам-кіші ойнайды) және Даррен Крисс ойнайтын Курттын жігітін. 2011 жылдың маусымында Мерфи актерлік ұжым жарым-жартылай өзгеретінің айтты. Өйткені, сюжет бойынша кейбір кейіпкерлер мектепті бітіру керек. Алайда Брэд Фэлчак, кейіпкерлердің мектеп бітіруі олардың телехикаядан кетуін білдірмейді деп айтты.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер