Хогвартс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет

ХогвартсГарри Поттер жайлы романдар циклындағы ойдан шығарылған оқу орны. Ресми атауы «Hogwarts School of Witchcraft and Wizardry» немесе сирек кездесетін «Hogwarts Academy of Witchcraft and Wizardry», аудармасы— «Танғажайыптық пен сиқыр «Хогвартс» мектеп / академиясы».


Сиқыр тарихының профессоры Катберт Биинстің сөздері бойынша, мың жылдай бұрын Хогвартстың негізін қалаған төрт сиқыршы болған: сиқыршы Годрик Гриффиндормен (Үлгі:Lang-en), Салазар Слизеринмен (Үлгі:Lang-en), Кандида Когтевранмен (Үлгі:Lang-en) және Пенелопа Пуффендуймен (Үлгі:Lang-en).

Сиқырлы күші бар балаларды оқытып, тәрбиелеу мақсатымен құрылған. Бұл оқушыларды мемлекеттің жан-жағынан жинаған. Бірақ уақыт өткен соң, құрушылардың арасында бөліну болады. Салазар Слизерин маглдардың балаларының оқуына шек қойып, тек нағыз сиқыршылардың балаларын оқыту керек деген ой айтады. Бірақ қалған құрушылар қарсы болғандықтан Салазар Слизерин мектептен кетуге мәжбүр болады.

Хогвартс Ұлыбританиядағы жалғыз сиқыршылық мектебі болуы ықтимал. Оқу 7 жылға созылған. Әр жылдың соңында оқушылар емтихан тапсырады, бірақ 5-ші және 7-ші жылдардың соңындағы емтихандар әсіресе маңызды. Хогвартстың оқушылар саны белгісіз. Ұлыбританиядағы барлық сиқыршылардың балаларының қабылдану әбден мүмкін.

Мектептің басшылары директор және оның орынбасарлары. Оқиғаның басында мектептің директоры Альбус Дамблдор болып келеді, ал оның орынбасары — Минерва МакГонагалл. Мектепте оқу тегін болып келеді, бірақ оқу құралдар мен кітаптарды оқушылар өздері сатып алады. Дегенмен, мектепте кедей отбасыларды оқу жабдықтарымен қамтамасыз ететін арнайы фонд бар.

Үлгі:Commons

Үлгі:Бастама