Хлорорганикалық қосылыстармен улану (ХОҚ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хлорорганикалық қосылыстар ауыл шаруашылығында: дән, жеміс ағаштар және басқа егін дақылдарының зиянкестеріне, кене мен қан сорғыш жәндіктеріне қарсы қолданады. ХОҚ ішінде көбіне гексохлоран, хлортен, хлориндан, гептахлор, дилдрин, полихлорпинен, дуст немесе эмульсия ерітінді түрінде пайдаланады. Бұлардың бәрінің кумуляциялық қасиеті бар және сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Мысалы: ДДТ пестицидтерін пайдаланғаннан 10-12 жылдан соң топырақтан табуға болды. Сондықтан ол қазір көп пайдаланылмайды. ХОҚ ағзаға тыныс алу жүйесімен асқазан-ішек жолымен түссе, олдрин, дилдрин сияқты аса қауіпті әсері күшті пестицидтер зақымданбаған тері арқылы ағзаға ене алады. ХОҚП бүйрек, асқазан-ішек жолымен, сүт бездерімен бөлініп шығады, алкогольді қабылдағанда температурасы жоғарылағанда удың сіңуі тездетіледі.

Патогенезі.

ХОҚП ағзаға негізінен орташа токсикалық және политропты әсер етеді. Олар майда еритін қосылыстарға жататындықтан липидтерге бай жүйке жасушалары мен тіндерге, сонымен қатар липидтерге бай паренхиматозды ағзаларға және ағзаның барлық қорғаныс тосқауылдарынан оңай өтеді. ХОҚ уланғандағы ОЖЖ мен бауырдың зақымдалуын осымен түсіндіруге болады және жасушалық тыныс алу ферменттерін негізінен цитохромоксидазаның тежелуіне байланысты, ол паренхиматозды ағзалардағы тотығу мен фосфорлану үдерістерін бұзады. Осыдан көмірсу алмасуы, белок биосинтезі де бұзылады. Кейбір ХОҚ: хлоридан, гептахлор, белоктың және тиоферменттердің SН тобын тежейді. ХОҚ әсеріне жеке өзіндік және адам жасына байланысты гиперсезгіштік, көбіне аллергиялық реакциялар туғызады. Ағзалардың сезгіштігі ХОҚ-дың түріне, концентрациясына, әсер еткен уақыттың ұзақтығына байланысты. Осылардан жіті немесе созылмалы улану клиникалық көріністері дамиды.

Клиникасы.

Уланудың клиникалық ерекшеліктері уланудың түріне, дәрежесіне, патогенездің үдерісіне және де ағзаларға удың қай жолмен түсуіне байланысты. ХОҚ шырышты қабаттары мен тыныс алу жолдарына түссе жоғарғы тыныс жолдарында, шырыштарда, бронхта тітіркену белгілері пайда болады (ринит, коньюнктивит, жіті трахеобронхит). Мұндай жағдайда уланудың алғашқы белгілеріне көздің, тамақтың шырышты қабаттарының қызарғаны, мұрыннан су, кейде қан ағу, жөтел, тұншығу жатады. ХОҚ асқазан-ішек жолымен түссе (көбінесе тұрмыстық жағдайларда) жүрегі айну, құсу, іштің түсы ауыру, үлкен дәрет бұзылады; тері ластанса - дерматиттер, экзема, некроздар дамиды. Жіті улану ХОҚ ағзаға бір мезгілде үлкен дозада түскенде жергілікті көріністері мен ОЖЖ зақымдалу белгілері тез пайда болады: едәуір аяқта әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, жүрегі айну, құсу, құлақтың шуылдауы, цианоз, ентігу, тахикардия, температура 39°С көтеріледі, теріде немесе шырышты қабықтарда аллергиялық зақымданулар, қан құюлулары болуы мүмкін. Ауыр жағдайларда токсикалық энцефалит, таралған эпилептиформалық құрысулар мен психоздар, коллаптоидтық және коматоздық жағдайлар дамиды. Көбіне токсико-аллергиялық миокардит, токсикалық гепатонефропатия, обструктивті бронхит, бронх демікпесі симптомдары байқалады. Гексахлоранмен уланудың кеш кезеңінде полинейропатия, энцефаломиелополиневрит дамиды. Қанда лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды. Ауыр жағдайларда гипо-, апластикалық анемия, панцитопения, несепте - белок, микрогематурия.
ХОҚ-мен созылмалы улануда біртіндеп басталып патологиялық үдеріс ми бағанасында орналасқандықтан токсикалық истерия, астеновегетативтік, астено-органикалық синдромдар және микросимптомдар дамиды. Бұл кезде эпизодты түрде церебралдық ангиодистониялық және ангиоспастикалық пароксизмалар: кенеттен қарқынды бас ауруы, бас айналу, жүректе ауру сезім, тахикардия, жүректің айнуы, іштің ауруы, профузды терлеу, бозару, аяқ-қолдың ауыруы, дірілдеуі, әлсіздік; жиі құрғақ жөтел, түшкіру, тұншығу дамиды. Бұндай жағдайда нейроциркуляторлық дистония жиі гипотониялық түрі, миокардтың дистрофиясы, токсикоаллергиялық миокардит және гастрит, гепатит, нефропатия дамиды. Теріде дерматит экзема, пиодермиялар, кейде сезімталдықтың бұзылуы мүмкін. Қанда лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ жоғарылайды. Кейбір жағдайда асқынулар: өкпелік жүрек, бронхоэктатикалық ауру, бронх демікпесі, т.б. қосылады.

Емдеуі.

Жіті улануда науқасты тез арада таза ауаға шығарып, ластанған киімін шешіп, жылытып, оттегі беріледі, көктамырға 40% - 20 мл глюкоза ерітіндісін, 500 мг С дәруменін салу керек, кейін В топ дәрумендері, дәрумен Е 5% - 1 мл беріледі. Көрсеткіштер бойынша жүрек-қантамыр және седативті дәрілер жасалынады. Ауыр улануда 500 мл физиологиялық ерітіндіні көктамырға 40% глюкозамен енгіземіз. Көзге түссе соданың 2% ерітіндісімен (Nа гидрокарбонаты) немесе физиологиялық ерітіндісімен жуамыз. Теріні жылы сумен, сабынмен жуамыз, 2% сода ерітіндісімен таңамыз. Асқазан-ішек жолымен у түссе, тездетіп жылы сумен жуып, 1% мыс купоросын, іш айдатқыш дәрілер беріледі. Майлар, алкоголь, адреналин беруге болмайды. Энцефалополиневритті емдеуде жалпы антитоксикалық заттармен - дәрумен Е, кокарбоскилаза немесе В1 дәрумені және В2, В6, В12, В15; фитин, липотропты дәрілер, церебролизин, аминалон, пирацетам, актовегин, АТФ, т.б. тағайындалады. Созылмалы уланудың емі синдромалды. ХОҚ уланудың МӘС-ы. Созылмалы уланудың жеңіл түрінде кәсіптік еңбек ауру қағазы ашылып, емдеу жүргізіледі. Айқын немесе ауыр улануда және созылмалы рецидивті түрінде, басқа жұмысқа ауыстыру нәтижелі.

Алдын алуы.

Пестицидтерді сақтайтын жерге санитарлық бақылау, жұмысшыларды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, пестицидтер ШРЕК-сын сақтау, жұмыс күнінің ұзақтығын сақтау (6 сағат) шаралары жүргізіледі. Жұмыстан қалған уақытта ХОҚ және басқа пестицид әсері жоқ жұмыспен айналасқан жөн. Жүйелі түрде алдын ала медициналық тексеруден өтуді сақтауды берілген бұйрықпен жүргізіледі. Пестицидтермен жұмыс істеуге жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, 18 жасқа толмағандар, арақ-шарап ішкендер жіберілмейді. Емдік-алдын алатын тамақтану (тегін сүт, жұмыс басталар алдында ыстық тамақ беру, т.б.)<ref>«КӘСІПТІК АУРУЛАР» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Сейдалиева Ф.М., Абдукаримова Ж.М., Умиралиева Г.А., Ибрагимова Р.Б., Садыкова Г.С., Қорғанбаева Х.Т., Байдуллаев Б.М., Азизова А.А., оқу құралы, Шымкент 2012 </ref>

Дереккөздер

<references />