Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары (Гей-Люссактың көлемдік қатынас заңы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Реакцияға түскен және шыққан заттар газ күйінде болатын үрдістердің теңдеулерін жазып көрелік:

2СО + O2 = 2СO2

Теңдеуде берілген заттардың зат мөлшерін жазсақ, ол 2:1:2 қатынасындай болатынын көреміз. Енді осы газдардың қалыпты жағдайда көлемдерінің қатынастарын алсақ:

V(CO) : V(O2): V(СO2) = 44,8 : 22,4 : 44,8 = 2:1:2.

Сонда 2СО+ O2 = 2СO2

Осы мәліметтерге қарасақ, заттардың көлемдерінің қатынастары теңдеудегі газдардың формулаларының алдындағы коэффициенттерінің қатынасындай болады екен.

Реакцияласушы және реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің қатынасы (бірдей жағдайда өлшенген) кішкене бүтін сандар қатынасындай болады. Бұл заңды Гей-Люссак ашқан.

Мысалы, N2 + 3H2 = 2NH3

v, моль 1 3 2
V, л 22,4 22,4 22,4
V(N2):V(H2): V(NH3) = 22,4 : 67,2 : 44,8 = 1:3:2.

Бұл заңнан шығатын қорытынды: есеп шығарған кезде көлемдер қатынасы үшін газдардың формулаларының алдындағы коэффициенттер қатынасын алуға да болады.<ref>Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN9965-34-887</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары (Гей-Люссактың көлемдік қатынас заңы)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}