Хизб ут-тахрир

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Діни ұйым


Хизб ут-тахрир (Үлгі:Lang-ar) — Тақийуддин ән-Нәбһани құрған Ихуан әл-Муслиминнен бөлініп кеткен ағым. Олар шариғаттан тек ақылымызға келетін нәрсені аламыз деп, қабір азабын, Мәсих Дәжжәлдің шығуын, т.б. заттарды мойындамайды<ref>Хизб ут-тахрир — Шейх Муқбиль ибн ҺадиҮлгі:Ref-ar</ref>.

Йеменнің атақты мухаддисі шейх Муқбильден хизб ут-тахрир туралы айтып беруін өткенде, ол былай деді:

Үлгі:Start citation«Хизб ут-тахрир» – Иорданиядан шыққан жиіркенішті партия. Бұл партия «ихуан әл-муслимин» партиясынан бөлініп шыққан. Олар хизб ут-тахрирдің көсемі ән-Нәбһаниге бізге қарай қайта орал деп хат жазған, бірақ ол «ихуан әл-муслиминге» қайта қосылудан бас тартты. Аталмыш партия ақида мәселесінде: «Біз тек логика мен ақылға сай келетін нәрсені ғана қабылдаймыз» дейді. Сол себепті олар қабір азабын, Дәжжәлдің келуін жоққа шығарады. Олар әдеп, білім талап ету секілді мәселелерге мән бермейді, себебі олар ең басында тек саяси түсінікке ғана бағытталған ағым ретінде қалыптасты. Үлгі:End citation

Хизбут тахрирдың қалыптасу тарихы

«Хизбут тахрир» 1953 жылы Палестинаның Құдс қаласында жергілікті апелляциялық соттың судьясы Тақиюддин әл-Набһанидің жетекшілігімен құрылды.  Тақиюддин қайтыс болған соң партияны Абдул Қадим Заллум 1977-2003 жылдар аралығында басқарды. 2003 жылдан бері партияны Ата Әбу Рашта басқарып келеді.

Хизбут тахрир өздерін адамзат баласын шайтанның арбауынан азат етуші, ислам идеологиясын насихаттаушы саяси партия деп атайды. Себебі қазіргі күні мұсылман елдері ислам шариғатымен өмір сүрмей келеді, ал біз сол шариғат үкімін қайта орнатып Ислам мемлекетін құрамыз дейді. Халифалық құру мақсатында Хизбут тахрир 187 бабтан құралатын конституциясын жазып шыққан. Партияның бас құжатында ислам экономикасы, басқару жүйесі, әйел мен ердің құқығы, әйелдің сайлауға қатысып дауыс беруі, меншік иесі болуы жайлы жазбаларды қамтиды.

Аталмыш пария конституциясының 62-ші бабында былай дейді: «Жихад әр бір мұсылманға парыз. Әскери тәрбие алуда міндетті. Осы себепті он бес жасқа келген әр бір ер жігіттің жихадқа дайындалып әскери тәрбие алуы парыз. Ал әскери адам болуы парыз кифая»<ref>Hilafet Devleti’nin Anayasa Tasarısı. (Халифалық мемлекеттің конституциясы). 2006 жылғы басылым. 27 бет.</ref>. Осылайша партия қолға қару алып жиһад жасауды әр бір еркек кіндікке парыз санайды.

1952 жылы бес адамнан құралған топ Иордания ішкі істер министрлігіне жаңа партияны тіркеу жайлы өтініш білдіреді. Олар:

1. Тақиюддин әл-Набһани – партия басшысы,

2. Даууд Хамдан – партия басшысының орынбасары әрі хизбтың бас хатшысы,

3. Ғаним Абдуһ – қазына басшысы,

4. Мунир Шақир – партия мүшесі,

5. Әдил әл-Нәбилиси – партия мүшесі.

Партияның орталығын Құдс қаласы деп белгіленіп, мемлекеттік рұқсатқа 1953 жылы 14 наурыз күні ие болады. Дегенмен 22 наурызда партияның барлық іс-әрекеттеріне тыйым салынады. Тақиюддин бұл тыйымға қарамастан партия істерін жалғастыра береді<ref>«Фикру хизбут тахрир» (Хизбут тахрирдің идеологиясы) Құрастырған: Раид Насыр Әбу Ауда, Газа Ислам университеті. 2009 ж. 8-бет.</ref>.

Алғашқыда партия Палестинаны азат ету және сионизммен күресуді өз алдына мақсат етеді. Кейін партия мүшелерінің көбеюіне байланысты партия көсемі Тақиюддин халықты жаппай исламдандыру жолымен халықаралық масштабта мұсылман мемлекеттерін біріктіріп халифат құру идеясын ұсынады.

«The Heritage Foundation»-ның мәліметі бойынша партия әлемнің 40 астам елінде өз идеологиясын таратып келеді. Партияның ғаламтордағы негізгі сайттарының бірі араб, түрік, орыс, ағылшын, неміс, урду және дат тілінде жүргізіледі<ref>Зейно Баран. Хизб ут-тахрир. Политическая радикализация ислама. Никсон орталығы. 2004 ж. 37-бет.</ref>.

Дереккөздер

<references/>