Хемосорбтану

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ХЕМОСОРБТАНУ, химиялық сіңіру — бу, газ немесе еріген заттардың қатты зат (адсорбент) бетіне химиялық әрекеттесу арқылы сіңуі (қ. Адсорбция). Хемосорбтану кезінде сіңіретін зат пен сіңірілетін зат арасында байланыс пайда болып, нәтижесінде берік химиялық қосылыстар түзіледі. Бұл экзотермиялық реакцияның Хемосорбтану газдарды, майлағыш сұйықтарды тазартуда, хромотографияда, сирек элементтерді бөліп алуда, су жұмсартуда, металлургияда, т.б. өндіріс салаларында кеңінен қолданылады.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы",9 том Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала