Хафиз Матайұлы Матаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Хафиз Матайұлы Матаев (10 қаңтар, 1931 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында туған) — Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, мемлекет және қоғам қайраткері. Абай атындағы Республикалық қордың президенті.

Семей облысының және Абай ауданының Құрметті азаматы (2001). Қазақ КСРнің Халық ағарту ісінің Үздігі. КСРО және Қазақстанның мемлекеттік марапаттарының иегері.

Толығырақ

Еңбек жолы

  • алғашқы еңбек жолын Абай ауданындағы бастауыш мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін мектеп инспекторы, білім бөлімінің бастығы, Бесқарағай ауданы кеңесінің директоры, Бесқарай орта мектеп, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің инспекторы т.б лауазымды қызыметтерді атқарды.
  • Абай аудандық комитетінің бірінші хатшысы,
  • Шұбартау ауданының ауыл шаруашылығы бойынша комитетінің хатшысы және төрағасы
  • Семей облыстық және Абай ауданы бойынша Қазақстан Коммунистік партиясының комитетінің төрағасы
  • Абай атындағы репсубликалық қордың президенті және т.б
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің X және XI шақырылымының депутаты
  • КОКП Бүкілодақтық партия XXVIII съезінде делегаты
  • Қазақстан Коммунистік партиясының съезінде делегаты
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Шығыс Қазақстан облысының Кіші ассамблеясының мүшесі,
  • «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының мүшесі
  • 2006 жылдан бастап Семей ардагерлер Кеңесінің бірінші орынбасары.

Марапаттары

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы
  • КСРО министрлер кабениетінің құрмет грамотасы
  • КСРО Кәсіподақтар комитетінің құрмет грамотасы
  • Қазақ КСР Орталық комитетінің құрмет грамотасы
  • КСРОның Ең жоғарғы «Ленин» Ордені
  • КСРОның «Қазақ төңкерісі» Ордені
  • КСРОның «Еңбек Қызыл ту» Ордені
  • КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені
  • 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл» құрмет белгісі (медалі)
  • КСРОның «Тың жерлерді игергені үшін» медалі
  • КСРОның «Еңбек ардагері» медалі
  • КСРОның «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • «Ұлы отан соғысына 60, 65, 70 жылдық» медалдері
  • 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
  • 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
  • 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік марапаттары президент жарлығы бойынша «Парасат ордені» мен ІІ дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталған.
  • Семей облысының Құрметті азаматы
  • Абай ауданының Құрметті азаматы
  • «Ы.Алтынсарин атындағы құрмет белгісі» медалі
  • Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі (құрметті атағы)
  • ҚР тұңғыш президенті елбасы «Н.Ә.Назарбаевтың» жеке алғыс хатымен марапатталған.

Жеке өмірі

  • жары Қамал Нұрғазықызы Мұқашева (отасқандарына 60 жылдан астам)
  • Екі ұлы, екі қызы бар. 10 немере, 11 шөбересі бар.
  • Қытай, Түркия, Германия, Франция, Сауд Арабиясы, Голландия, Ресей, және т.б. шетелдерде болған.
  • Хафиз Матайұлының «Абай ауылының ақиықтары» (1981 жылы), «Ақылмен ойлап сөйлесейік» (2000) т.б кітаптардың авторы.