Хатико: Ең адал дос

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кино «Хатико: Ең адал дос» (Үлгі:Lang-en) — тоғыз жыл бойы қайтыс болған қожайынын күнделікті бір уақытта келіп, станция маңында күтіп жүрген жапондық акита-ину тұқымының иті Хатиконың нақты өміріне негіздеп түсірілген Лассе Халлстрөм көркем фильмі. Бұл фильм 1987 жылы түсірілген жапон фильмінің ремейкі болып саналады.<ref>Hachikō Monogatari</ref> Фильмнің сценарийін жазған Стивен Уэйн Линдси. Басты рольдерде: Ричард Гир, Джоан Аллен және Сара Ремер. Фильмнің тұсаукесері 2009 жылдың сегізінші тамызында Жапонияда өтті.

Фильм желісі

Күндердің бір күні университет профессоры Паркер Уилсон вокзалдан Жапониядан Америкаға аттандырылған күшікті тауып алады. Күшіктің артынан ешкім іздеп келмегендіктен, ол оны өзімен қалдыруға мәжбүр болады. Уақыт өте келе күшік пен профессордың арасында берік достық пайда болады. Паркер өзінің жаңа адал досына қатты бауыр басады. Әр күн сайын Хатико қожайыны жұмысқа шыққанда, вокзалға дейін шығарып салып, кешкісін сағат бесте күтіп алатын. Бір күні Паркер жұмысқа аттанарда Хатико оны үйден шығармағысы келгендей, оған үріп бірге вокзалға бармай қояды. Паркер жұмысқа асыққандықтан Хатикосыз вокзалға кетіп қалады. Біраз уақыт өткенен кейін Хатико ауызына допты салып алып профессордың артынан жүгіріп кетеді. Вокзалда ол профессорға жаңағы допты бергенде, Паркер өте қатты қуанады, себебі ол Хатикоға бұл затты көптен бері үйрете алмай жүрген-ді. Вокзалда да Хатико қожайынын жібергісі келмегендей оған үріп қарап тұрады, бірақ Паркер поездге отырып жұмысына кетіп қалады. Сол күні ол өз лекциясында ұстамалы жүрек ауруынан көз жұмады. Қожайынының келуін күткен Хати, күнделікті станцияға келіп жүреді.<ref>Variety — Joan Allen fetches a 'Dog’s' tale</ref>.

Итті профессордың туысқандары үйлеріне алып кеткендеріне қарамастан, ол әрдайым станцияға қашып кететін. Жергілікті сатушылар және теміржол қызметшілері Хатиді тамақтандырып жүретін. Олар оның табандылығы мен адалдығына таңғала қарайтын. Көп ұзамай ол туралы журналисттер біліп, Хатико баспасөз жұлдызына айналады. Хатико өмірінің соңғы күндеріне дейін күнделікті поездің келісімен станцияға келіп, кеше дейін қожайынының келуін күтетін. Ол сонда да келмейді, бірақ адал дос — Хатико — өз орнын қалдармайды. Ол ит сол станцияда қожайынының келуін күтумен көз жұмады.

Фильмді жарыққа шығаруы

Түсірілім АҚШ штаты Род-Айлендтегі Вунсокет, Бристоль және Кингстаун қалаларында, сондай-ақ Род-Айленд университетінде және Японияда жүргізілді. Әр жастағы Хатиконы үш Акита-ину тұқымының иттері (Чико, Лайла және Форест) және Сиба-ину тұқымының үш күшігі ойнайды.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала