Хасен Әдібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хасен Әдібаев 1924жылы 26 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында дүниеге келген. Қазақ жазушысы, ғалым. 1970 жылы филология ғылымының докторы, 1973 жылы профессор болып тағайындалады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жоғары мектеп қызметкері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1955 жылы ҚазМУ-ды бітірген. Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасын 1959 жылы бітіреді. 1959 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ұстаздық етеді. “Уақыт және суреткер” (1967), “Талант, талғам, тағдыр” (1971), “Көкжиек” (1978) атты сын-зерттеу кітаптары қазақ әдебиетінің келелі мәселелері әдеби шеберлік пен жанрлар типологиясына, көрнекті қаламгерлердің шығармашылықтарын саралауға арналған. Оның “Таңбалы адам” (жинақ, 1975), “Отырар ойраны” (роман, 1986), “Әупілдек” (1987) повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Орыс мектептеріне, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше қазақ әдебиеті оқулықтарын жазған. 2-дәрежелі “Отан соғысы”, “Қызыл жұлдыз” ордендерімен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хасен Әдібаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}