Хасен Байырманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байырманов Хасен (8.4. 1905, қазіргі Павлодар облысы Ақсу ауданы — 11.6.1986, Семей қаласы) — актер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңерген артисі (1944). Ауыл мектебінен сауат ашқан. 1930 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегіндегі” Жапалдың, Ж. Шаниннің “Шахтасы” мен “Торсықбайындағы” жалшының рөлдерін ойнап, актерлік өнерге бейімділік танытады. 1931 — 1932 жылдары Мәскеудегі Орталық өнер техникумында оқыды. 1934 жылы ашылған Семей театрында өмірінің соңына дейін еңбек етті. Мұнда ол М. Әуезовтің пьесалары бойынша қойылған спектакльдердің бәріне қатысып, Жантық (“Айман — Шолпан”), Қараменде би (“Еңлік — Кебек”), Төлеген (“Қыз Жібек”), Қоңқай (“Ақан сері — Ақтоқты”), Қарабай (“Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерді ойнады. Халық әндерін орындауда өз ерекшелігімен танылды. Б. Иса Байзақовтың “Желдірмесін” өзгеше айтатын әншілердің бірі болған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хасен Байырманов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}