Хармаш-Кёрёш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Айрық Хармаш-Кёрёш - Венгрия және Румыния жеріндегі өзен. Тисаның ірі солжақ саласы. Бихор тауынан Кришул-Негру және Металич тауынан Кришул-Алб бастауларынан басталып, орта және төменгі ағыстарында каналды және шлюзді арнамен Орта Дунай ойпаты үстімен ағып отырып, Чонград қаласы түбінде Тиса өзеніне құяды. Ұзындығы 500 км, алабы 27 537 км2. Су деңгейі жаңбыр және қар суына байланысты көктемде көтеріліп, жаз бен күзде төмендейді. Орташа су шығыны сағасында 105 м3/сек. Хармаш-Кёрёшке Хортобадь-Бреттьо құрғаиу каналы құяды. Кеме жүзеді.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер