Харки Юсупович Сулейманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Харки Юсупович Сулейманов (1895 жыл 2 сәуір, Алматы - 1937 жыл) - Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатып, нығайтуға және социалистік құрылыс ісіне белсене қатысушы. 1918 жылдан Коммунистік Партия мүшесі, ұлты - дүнген.

Өмірі

1918 жылдың ортасында ұлттар істері жөніндегі Жетісу облыстық бөлімінің коллегия мүшесі. 1921 жылы Сүлейманов 15-дүнген атты әскер полкінің соғыс комиссары ретінде Орта Азияда басмашыларға қарсы күреске қатысты. 1922 жылы Алматы уездік, қалалық милициясын басқарды. 1925-1926 жылдары Қосшы одағының, Жетісу губерния комитетінің төрағасы. 1926-1937 жылдары әр түрлі жауапты кеңес және шаруашылық жұмыстарында болды. Ол - Кеңестердің Бүкіл Қазақстандық 6-8 съездерінің делегаты. 8-съезде ҚАКСР ОАК-нің мүшесі болып сайланды.<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 443 бет </ref>

Дереккөздер

<references/>