Хан (ауыл)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

ХанҚызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Аманөткел ауылдық округі құрамында.

Географиялық орны

Облыс орталығы – Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 421 км-дей, аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 126 км-дей, округ орталығы - Аманөткел ауылынан батысқа қарай 7 км-дей жерде, Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Ауыл батысында Бөген ауылдық округімен, оңтүстік-батысында Жаңақұрылыс ауылдық округінің шекараларымен шектеседі.

Атау мәні

Халықтың ауызекі дерегі бойынша, кезінде Кенесары, Әбілхайыр хандар Сырдария бойындағы осы өткелден өткен, содан «Хан өткелі» деп аталған көрінеді. Осы маңайға қоныс тепкен ел Хан ауылы атанған. <ref>« Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>

Халқы

Тұрғыны 90 адам (2009).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері