Хан Тәңірі шыңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

Хан Тәңірі - Шығыс Тянь-Шаньдағы шың, Қырғызстан мен Қазақстан (Алматы облысына таудың солтүстік-батыс бөлігі қарайды) және Қытай шекарасында. Солтүстік жер шарындағы ең биік нүкте. Жергілікті қазақ пен қырғыздар бұл тауды кешке күн батарда қызарып кететін өңіне қарап "Қантау", "қантоо" деп те атаған.

Геологиясы, жер бедері

Сурет:Stamp of Kazakhstan 344.jpg
Қазақстан пошталық маркасы, Хан Тәңірі солтүстігінен, 2001
Сурет:Stamp of Kyrgyzstan 234a.jpg
Қырғызстан пошталық маркасы, Хан Тәңірі оңтүстігінен, 2000

Негізінен мәрмәрленген әк тастан түзілген. Теңіз деңгейінен 6995м (мұз жамылғысын қоса есептегенде 7010м) биіктікте орналасқан. Хан Тәңірі – Тянь-Шаньның ең ірі мұздану орталығы, мұздықтарының жалпы ауданы 2500 км2. Шыңға Оңтүстік және Солтүстік Иныльчек мұздықтары арқалы көтерілуге болады. Хан Тәңірін бірінші рет ғылыми түрде сипаттап жазғандар И. Семенов пен Семенов Тянь-Шанскийлер. Шыңға оннан аса маршруттар жасалып, бір маусымда 2000-ға дейін альпинистер мен тау туристерін қабылдайтын халықаралық Хан Тәңірі альпинистік лагері жұмыс істейді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер