Ханзада Жумонг (телесериал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телесериал Ханзада Жумонг - Оңтүстік Корея телесериалы. Сериал Когуре мемлекетінің негізін қалаушы Тонменсон жайлы оқиғаларды баян етеді. Сериал бүкіл әлемде өте танымал болды. Сериалдың бюджеті 32 млн долларды құрады.

Сюжеті

Корея Чосон мемлекеті дәуірінде. Қытайлық Хан империясы Чосон елін бағындырып, халқын құлдықта ұстады. Чосондық бірнеше тайпа Пуё мемлекетін құрды. Алайда Пуё елі Хан империясына бағынышты болды. Пуё елінің Хан империясын талқандап, қоластындағы қандастарын құтқаратын күші болмады. Тек халық арасынан шыққан Хемосу қолбасшы ғана, Дамуль әскерін құрып қытайлықтарға қарсы күресте біраз нәтижеге жетті. Алайда ол Хан империясының қолшоқпарына айналған Пуё елінің құрған тұзағына түсіп қалады. Ол қос жанарынан айырылып, абақтыға қамалады. Десе де оның арманын ұлы Жумоң жүзеге асырды. Жумоң Хан елін талқандап, қандастарын құтқарды. Ол Когурё атты мемлекеттің негізін қалады. Жумоң хан қолданған байрақ Реквизиттер

Басты рөлдерде

  • Сон Иль Гук - Жумоң
  • Хан Хие Жин - Со Со Но
  • Чон Куаң Нел - Гымуа
  • Хо Жун Хо - Хемосу
  • .Ким Сың Су - Тесо ханзада
  • .О Ён Су - Юхуа ханым
  • .Куон Ми Ри - Уонху патшайым
  • .Соң Жи Хие - Йе Со Я ханым
  • .Пак Там Хи - Иаң Соран
  • .Ан Ён Жу - Юри
  • .Жуң Юң Сук - бала Юри
  • .Ким Ёң Ки - Ён Та Баль
  • .Жин Хи Куоң - Ё Ми Ыль
  • .Ли Жа Ёң - Бу Дыкпуль
  • .Уон Ки Жун - Енпо ханзада
  • .Бе Су Бин - Са Ең
  • . Им Со - Буең
  • . Юн Доң- Яң Жоң
  • . О Ук- Барон Хуаң
  • . Ие Хо- генерал Ои
  • . Ан Жеоң- генерал Мари
  • . Им Дае - генерал Хеп По
  • . Пак Куеоң- Бу Бун Но
  • . Жоң Хо- У Те

Түсірілім жұмысы

Сериал Оңтүстік Кореяның Жонгу провинциясында MBC арнасының тапсырысымен түсірілді. Ханзада Жумонг сериялы түсірілген орында корейлік "Дон И" және "Ұлы ханша Сон Док" сияқты сериалдардың түсірілім жұмыстары жүргізілген болатын. Сурет:Jumong site 3.jpg

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер