Хангелдин Айтбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хангелдин Айтбай (1906-1981)Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы қазіргі Абай атындағы кеңшар аумағында туған.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1926 жылы Ташкенттегі халық ағарту институтын бітіріп, Орта Азия коммунистік аспирантурасында оқыған. 30-жылдары Өзбекстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің органы "Еңбек" газетінде мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында бөлім меңгерушісі, Қазақ радио комитетінің төрағасы, Қарсақпай аудандық партия комитетінің мәдени үгіт бөлімінің меңгерушісі, Қарсақпай аудандық "Қызыл кенші" газетінің редакторы, Казглавлиттің бастығы секілді жауапты қызметте болған. Қарағанды облысы жаңадан құрылганда ол Карағанды облыстық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінде нұсқаушы, 1941-1945 жж. Қазақстан КП Орталық Комитеті аппаратында қызмет атқарған. 1950-1967 жж. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында ағар едактор, бөлім меңгерушісі, бас редактор болған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}