Ханбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ханбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева (1955, Маңғыстау ауданы Тұщыбек ауылы – 1987, сонда) – әнші, халық әндерін орындаушы. Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтының музыка факультетін (1977) бітірген. 1974 жылы «Айгүл» ансамблінің құрамына қабылданып, осы ансамбль құрамында Алматы мен Мәскеу қалаларында өткен концерттерге қатысқан және гастрольдік сапармен Жапония мен Моңғолияда болған. Маңғыстау ауданы мәдениет үйі жанындағы «Жастар» ансамблінің мүшесі болып еңбек еткен. Бүкілодақтық фестивальдардың лауреаты.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>