Ханбибі Есенқарақызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ханбибі Есенқарақызы<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref> (30.6.1949 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – журналист, ақын. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастады.

  • 19711976 жылдары Сарыағаш ауданы «Қызыл ту» газетінің қызметкері,
  • 19761980 жылдары облыстық телерадио комитетінде редактор,
  • 19801987 жылдары халық шығармашылық облыстық орталығында бас маман,
  • 19871993 жылдары облыстық «Қайырымдылық» қорының төрайымы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, облыстық мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998

ISBN 5-89800-123-9</ref>

  • 1994 жылдан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры. «Қанат қақты», «Бұлтсыз аспан», Жұлдызым», «Жангүлім», «Жан айқайы», «Махаббат мәңгілік», «Жыр кітабы», «Сыр кітабы», «Шындыққа қарай жүздім мен» атты прозалық кітаптардың авторы. ҚР еңбек сіңірген қызметкері (1998).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Жетістіктері

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің және облыстық мәслихатының, Ақмола облысы, Астана, Шымкент қалалық өкімдерінің алғыс хатына ие болды. М.Әуезов бейнесі бар ЮНЕСКО, «Астана қаласына 10 жыл», Түркістанның 1500 жылдығына, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған және Гумилев атындағы Еуразия университеті медальдарымен марапатталған. Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденімен (2008) марапатталды. «Қазақстан Республикасы^ еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}