Хамитбек Мұсабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұсабаев Хамитбек - 1953 жылы 7 қазанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының орталығы Аманкелді селосында туған. 1970 жылы орта мектепті аяқта-ған соң, Аманкелді ауданындағы «Қарасу» совхозында еңбек жолын бастаған. 1979 жылы Қазақ университетінің журналистика факуль-тетін тамамдаған.

Еңбек жолы

1972 жылдан Аманкелді аудандық газеті редакциясында қызмет істейді. 1972 жылдан 1975 жылға дейін тілші, 1975-1977 жылдары бөлім меңгерушісі, 1977-1981 жылдары жауапты хатшы, 1981-1990 жылдары редактордың орынбасары болып жұмыс атқарған. 1990 жылдан бастап редактор және 2002 жылдан облыстық "Қостанай таңы" газетінің Аманкелді ауданы бойынша менішкті тілшісі. Бipнеше рет ауылдық және аудандык кеңестердің депутаты болды. 1990-1992 жылдар аралығында аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. 1994-2000 жылдар арасында 6ipiнші шақырылған Торғай және Қостанай облыстары мәслихаттарының алғашқы депутаттарының 6ipi болып сайланды. 1983 жылы жас ақын-жазушылардың республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды. Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының лауреаты (2006). Қазір Аманкелді аудандық "Аманкелді арайы" газетінің бас редакторы болып қызмет етеді.

Еңбектері

1983 жылы жас ақын-жазушы-лар мен өнер иелерінің республикалық «Жігер» фестивалінің лауреа-ты атанып, 2003 жылы Қостанай облысы әкімінің сыйлығын алған. 2006 жылы Қостанай облысы меце-наттары клубының тәуелсіз «Қазына» сыйлығын алған, 2006 жылғы республикалық «Елім менің» фести-вальінің лауреаты. Ақынның өлеңдері мен поэмалары 1973 жылдан бастап аудандық, облыстық және республикалық баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. «Торғай топырағы» (1991), «Ақжол» (1992), «Ахаң-Жахаң ізімен» (1993), «Алашорда арманы» (1995), «Таразы» (2003), «Наркескен» (2006) атты жыр жинақтары жарық көрген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}