Хамидуллин Асгадулла

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хамидуллин Асгадулла (1923-2001)Петропавл қаласында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1945-1975 жж. "Ленинская смена", " Казахстанская правда", "Индустриальная Караганда", "Сельская жизнь" газеттері редакцияларында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінде істеді.

Қазақстан КП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1975-1985 жж. "Қазақстан" баспасында қызмет істеген. Көптеген очерктердің, орыс, қазақ, татар әдебиеттері жөніндегі мақалалардың авторы. Ғ.Мүсіреповтің "Кездеспей кеткен бір бейне" повесінің, І.Есенберлиннің "Қатерлі өткел" романының теледидарлық инсценировкасын жасаған.

Ш.Усмановтың "Путь Легиона" (1973, 1975) повесін, А.Расихтың "Ямашев" романың татар тілінен орысшаға, сондайақ А.Бәзілбаевтың публицистакалық очерктер кітабын қазақ тіліне аударған.

Бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}