Хамидолла Қыдыров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хамидолла Қыдыров (1927 жыл, Чапаев ауылы - 1989 жыл, Орал қаласы) - ақын, журналист.

Еңбек жолы

Орал педагогикалық училищесін бітіріп, көп жыл мұғалім болған. 1954 жылы журналистік қызметке ауысып, «Екпінді құрылыс» (Орал өңірі) газетінде жұмыс істеген. «Лениншіл жас» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі, Маңғыстау облысының «Коммунистік жол» газетінде бөлім меңгерушісі. Оның ақын Х.Әбіловпен айтысы «Айтыс» кітабының 3-ші томына (А., 1966) енген. Ақынның «Алаулы атырап» (1978), «Е.Орақбаев» (очерк, 1974), «Таңдамалы өлеңдер жинағы» атты кітаптары басылып шықты. <ref> Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References