Хамза Сарбасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Хамза Сарбасов (1895 жыл, Қышбөгет болысы (Жалағаш ауданы), №23 ауыл, Шымқорған қыстауы - маусым 1947, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аламесек) - қоғам қайраткері.

Әке–шешесі - шаруа, мал өсіруші.

  • 7 жасында, 1904 жылы Аламесектегі орыс–түзем мектебіне түседі. Онда арада үзіліспен 1909 жылы бітіреді.
  • Хамза Сарбасов түземдік мектепте алған білімін одан әрі жалғастыра алмайды. 1908 жылдың қазанынан 1911 жылдың қарашасына дейін әркімдердің қол астында жұмыс істеуіне тура келеді.
  • Жалшылықтан шығудың жолын іздеген еті тірі жігіт 1911 -1916 жылдар аралығында Ташкент қаласындағы мақта зауытына жұмысшы болып орналасады.
  • 1916 – 1918 жылдары патшаның маусым жарлығы бойынша Ташкенттің 6-шы полк құрамында соғысқа қарсы жұмысқа алынып майдандағы тылда 5-ші инженерлік құрылыс бөлімінде жұмыс істейді. Брест бітімінен кейін Хамза Сарбасов елге оралады. Бірақ бұрынғы патша генералдары мен атамандары Дутов пен Колчактың контрреволюциясы басталады да, Хамза Қызыл армия қатарына қабылданады.
  • Тыл жұмысында 1918 жылдың 18 ақпанына дейін Винелек губерниясындағы Батыс майданының қарамағында болып, елге оралады. Сол жылы Ташкенттегі құрылысшылар ұйымы мекемесінен Қызыл армияға алынып, 1920 жылдың 14 сәуірінде майдан тараған соң әскерден босанады.
  • 1918-1920 жылдары Орынбор мен Ақтөбедегі ақтардың бүлікшілігін талқандап, Шығыс майданды жоюға қатысады. Каспий жағасында ақтармен, интервенттерімен шайқасады. Ферғана майданында болып, ерлік іс-қимыл танытады.
  • Даңқты революционер Фрунзе, Куйбышевтың ең жақын достарының бірі Колузаев, үлкен әскери қайраткер еді. Колузаевтың отряды «Первый отдельный Ташкентский полк» деп аталған. Бүкіл Орта Азияға Кеңес өкіметін орнықтыруда бұл полктің атқарған әскери қызметі айрықша. Революцияның қас дұшпаны Осиповты қуып талқандаған осы полк. Хамза қайда жүрсе де «Қызыл партизан» атанып, революция ісіне бірлігіндегі танытады.
  • 1920 жылы сәуір айында азамат соғысы майданында елге келді. Талантты да қабілетті жас мұнда да көзге тез түсіп, Ташкенттегі алты айлық өлкелік педагогтік қырғыздар (қазақтар) курсына жіберілді. Одан кейін сауатты басшылардан тағы да іріктеп, өлкелік маман кадр дайындау жұмысы қолға алынады. Бұл іріктеуде де Хамза Сарбасов қабілетті жастар қатарында танылып, тағы да мұсылмандардың өлкелік алты айлық фельдшерлік курста оқып жүріп науқастанады да, оқудан қол үзіп қалады.
  • Арада көп уақыт өтпей–ақ Ташкеттегі 2 жылдық педагогикалық институтқа түседі. Оны 1923 жылы бітіріп шығады.
  • Диплом алысымен Қызылорда қаласына келіп, 1927 жылдың қазанына дейін Абай атындағы мектепте оқу білімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Осы қызметті абыроймен атқара жүріп, 1926 жылдың 14 тамызында коммунистік партияның мүшелігіне қабылданады.
  • 1928 жылыдың 19 ақпанында Қызылордадағы жұмысшылыр факультетінде мұғалім
  • 1928 жылы Қазақстан Оқу министрлігі кәсіподағының нұсқаушысы
  • 1929 – 1930 жылдары Қызылорда аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, кадрлердің жетіспеуіне байланысты балалар үйінің директорлығы қызметін қосып атқарады.
  • 1930 жылы Алматы қаласындағы педагогикалық техникумының мұғалімі
  • 1930 – 1931 жылдары Қарақалпақстандағы қазақ аудандарына облыстық оқу бөлімі меңгерушісінің орынбасарлығы қызметін атқарған.
  • Ташкенттегі Тарих институтының экономика факультетінің курсын бітіріп, 1933 жылдың тамызынан 1934 жылға дейін Алматы музыка мектебінің директоры
  • 1934 қыркүйегінен Алматы педагогика институтының директоры.
  • 1936 жылдың басынан оқу жылы аяғына дейін Қызылорда медициналық техникумының директоры.
  • 1936 – 1938 жылдары Қызылордадағы жұмысшылар факультетінің директорлығына, кейіннен Қызылорда облыстық оқу бөлімінің меңгерушілігіне жоғарылатылады.
  • 1938 жылдың 31 мамыры күні абақтыға қамалып, артынша Магадан облысында әйгілі Колыма лагеріне айдалады.
  • Азамат соғысының ардагеріне, қаншама жала жабылғанымен, Хамзаның партизандық билеті бүлікші Осиповты қуғандардың бірі болғандығы жөніндегі құжаттар, қолбасшы Колузаевтың полкі солдаттармен түскен суреті және басқа революциялық қызметін айғақтайтын құжаттар оны арашалап қалады. Сөйтіп ол 1942 жылы ақталып шығады.
  • 1942-1946 жылдары Тереңөзек ауданында кеңшар директоры болып қызмет атқарады да, кейін сырқаттығына байланысты бұл жұмыстан босайды.
  • 1947 жылғы маусымда туған жері – Аламесекке келіп дүние салады.
  • Қазір Хамза Сарбасовтың үлкен қызы Зылиха Сарбасова Қызылорда қаласында, ұлдары Алмас, Түгел Аққұм ауылында тұрады.

Марапаттары

Өзбек КСР Орталық атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1931 жылғы 15 қарашасындағы №118 қаулысы бойынша «Бұрынғы партизандар мен оның отбасына жеңілдік беру туралы» мандатнамасына ие болған. Сонымен бірге «Қазақ КСР-нің 15 жылдығы» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бастама