Хальққаралық астронавтика федерациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халықаралық Астронавтика Федерациясығарыш кеңістігін зерттеу және игеру, ракеталық техника, ғарыштық құқық мәселелерімен шұғылданатын халықар. ғылыми ұйым. Ол 1950 ж. құрылған. Оған 36 елдің 58 ұлттық ұйымы мүше (2003). КСРО Халықаралық Астронавтика Федерациясы-на 1956 ж. мүше болып қабылданды. Халықаралық Астронавтика Федерациясы-ның жоғ. органы — жылына бір рет шақырылатын Бас ассамблея. Ассамблея аралығында ұйымның қызметін Бюро басқарып отырады. 1960 жылдан Халықаралық Астронавтика Федерациясы-ның қарамағында Халықар. астронавтика академиясы мен Халықар. ғарыштық құқық ин-ты жұмыс істейді. Штутгарт қ-нда өткен 3-Халықар. астронавтика конгресінде федерация жарғысы қабылданды. Халықаралық Астронавтика Федерациясы-ның Халықар. электрлік байланыс жөніндегі одақ пен ЮНЕСКО жанында кеңесші статусы бар.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}