Хальмахера аралы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хальмахера аралы (Halmahera), Джайлоло (Djaіlolo) — Молукк топаралындағы ең ірі арал. Индонезия құрамында. Ауданы 18 мың шаршы километр. Арал орталық бөлігінен жан-жағына қарай 4 түбекке тілімделген. Жер бедері жанартаулық, шыңдары тегістелген аласа таулардан қалыптасқан. Ең биік жері 1635 метр (әрекетті Гамкуноро жанартауы). Климаты экваторлық, ылғалды. Теңіз жағалауындағы айлық орташа температура 25 — 28С. Жылдық жауын-шашын мөлшелері 2000 — 3000 милиметр. Мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Тропиктік егін шаруашылық, кокос пальмасының плантациясы өсіріледі; дәмдеуіштік өсімдіктер мен бағалы ағаш түрлерін экспортқа шығарады. Негізгі порты — Джайлоло қаласы.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}