Халықаралық әскери трибунал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ТРИБУНАЛ — екінші дүниежүзілік соғыс қылмыстыларын жазалу жөніндегі халықаралық сот органы.

  1. ) Гитлершілердің айуандық әрекеттері үшін жазалау туралы 1943 жылғы Декларацияға сәйкес ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ТРИБУНАЛ еур. елдердегі басты әскери қылмыстыларды жазалауға арналып КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция үкіметтерінің 1945 ж. 8 тамызда Лондон келісімі бойынша құрылды. Келісімнің жарғылық ережелері фаш. ұйым мүшелерімен басты әскери қылмыстыларды бейбітшілікке, адамгершілікке қарсы қылмыстық және агрессиялық әрекеттері үшін соттап, жазалауға құқық берді. Трибуналды құрған 4 мемлекеттің үкіметтері Х. ә. т. құрамына бір-бір мүше, оның орынбасарын және бас айыптаушы тағайындады. Трибуналдың шешімі көпшілік дауыспен қабылданып, істі тергеу, қылмыстыларды айыптау айыптаушылар к-тіне жүктелді. 1945 ж. 9 қазанда Х. ә. т. ұйымдастыру мәжілісін Берлинде өткізіп, фаш. Германияның басты-басты соғыс қылмыстыларының процесін Нюрнберг қ-нда (Германия) өткізуге ұйғарды (қ. Нюрнберг процесі).
  2. ) Одақтастардың келіссөздері негізінде Қиыр Шығыс үшін ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ТРИБУНАЛ 1946 ж. 19 қаңтарда Токиода (Жапония) құрылды. Трибуналға 11 мемлекет (КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Австралия, Канада, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Үндістан, Филиппин) өкілдері қатысты. Сот процесі Жапонияның басты соғыс қылмыстыларын жазалауға арналды. Бас айыптаушы одақтастардың Жапониядағы қарулы күштерінің бас қолбасшысы болды, ал айыптаушының көмекшілерін (іс жүзінде) трибуналға қатысқан мемлекеттер тағайындады; қ. Токио процесі.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}