Халықаралық үкіметтік ұйымдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙҮКІМЕТТІК ҰЙЫМДАР — үкіметаралық келісім негізінде құрылмаған кез келген халықаралық ұйымдар. Ұлттық қоғамдық ұйымдар, басқа да заңды тұлғалар мен жеке адамдар, сондай-ақ қалалар, ғылыми мекемелер ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙҮКІМЕТТІК ҰЙЫМДАР-ға мүше бола алады. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙҮКІМЕТТІК ҰЙЫМДАРхалықар. құқықтың немесе ұлттық құ-қықтың субъектілері болып табылады. Мұндай ұйымдар, көбінесе саяси, экон., ғыл.-тех., мәдени, гуманитарлық, т.б. салаларда халықар. ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу мақсатымен құрылады. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙҮКІМЕТТІК ҰЙЫМДАР-дың сипатты белгілері: пайда алу мақсатының болмауы, әрі кеткенде бір мемлекеттің мойындауы немесе халықар. үкіметаралық ұйымдардың жанындағы кеңес беру мәртебесінің болуы, бірер елден ақшалай қаражат алуы. Жасырын қоғамдар, жабық клубтар мен өзге де осы сияқты бірлестіктер ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙҮКІМЕТТІК ҰЙЫМДАР ретінде қаралмайды. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙҮКІМЕТТІК ҰЙЫМДАР қызметкерлер жалдау туралы шарттар жасасуға, жылжитын және жылжымайтын мүлікті иеленуге, соттарда, төрелік соттарда сөз сөйлеуге құқылы. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙҮКІМЕТТІК ҰЙЫМДАР халықар. үкіметаралық ұйымдармен тығыз байланыс жасай алады. БҰҰ-ның Экон. және әлеум. кеңесінің, БҰҰ-ның басқа да бірқатар мамандандырылған мекемелерінің жанында ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙҮКІМЕТТІК ҰЙЫМДАР-ның кеңес беру мәртебесіне ие болуы мүмкін.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}