Халықаралық қауіпсіздік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халықаралық қауiпсiздiк -

  1. халықаралық қатынастар жүйесінің тұрақсыздандыру, конфронтация, қарулы қақтығыстар мен соғыстар қауіп-қатерінен қорғалуы;
  2. бүкіләлемдік бейбітшілікті бұзуды немесе халықтар қауіпсіздігіне қатер төндіруді жоққа шығаратын халықаралық қатынастар қалпы. Халықаралық қауіпсіздік ғаламдық (жалпыға ортақ) немесе аймақтық (Еуропалық, Азия-Тынық мүхиты,Таяу шығыстық және т.б.) болуы мүмкін. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барлық мемлекеттердің жалпы мойындалған қағидаттарды және халықаралық құқық ережелерін ұстануына негізделген. Бүл шарттар арнайы ғаламдық, аймақтық, мемлекетаралық құрылымдар мен тетіктер құру арқылы орындалады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}