Халықаралық қатынастарды демократизациялау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халықаралық қатынастарды демократизациялау -бүкіл адамзат тағдырымен тығыз байланысты мәселе; оның өзектілігі мен шешімін табу қажеттігі қазіргі әлемдегі халықаралық қатынастар саласындағы қарама-қайшылықтардың ширығуында, жаңа аса қауіпті қақтығыстардың туындауында жатыр. Қазіргі батыстық демократиялық мемлекеттер түрақты қоғамдық жүйелер болып табылады. Олардың әрқайсының қалыптасуы үш кезеңнен тұрады:

  1. Бірінші - әртүрлі қүрамдас бөліктердің арасында байланыстардың пайда болуы.
  2. Екінші - "ойын ережелерінің" болмауы себепті ол байланыстардың қақтығысқа үласуы.
  3. Үшінші - қақтығыс барысында әртүрлі қүрамдас бөліктердің арасында түсіністік пен бітімгершілік орнауы нәтижесінде "ойын ережелері" қалыптасып, әртүрлі қүрамдас бөліктердің арасындағы байланыс түрақтанып, жүйе қүрылды.

Қазіргі элем ғаламдық жүйенің екінші кезеңінде түр. Сондықтан елдер, аудандар, өркениеттер арасындағы қақтығыстар өте жиі, аса маңызды әрі қауіпті. Халықаралық қатынастардағы қақтығыстар уақытша, ғаламдық жүйе қалыптасу үстінде түрақтылыққа қол жетеді. Бүл қақтығыстар келіссөздер арқылы, демократиялық қағидаттарды жүзеге асыру барысында шешімін тауып, халықаралық ғаламдық жүйенің қалыптасуына септігін тигізеді.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Халықаралық қатынастарды демократизациялау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}