Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ— сыртқы экономикалық қызметтің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан бағыттарының бірі; ғылыми-техникалық проблемаларды бірлесіп талдап шешу, ғылыми нәтижелер мен өндірістік тәжірибені алмасу, білікті кадрларды бірлесіп даярлау жолындағы ынтымақтастық. Осы ынтымақтастық аясындағы іргелі зерттеулер жер қойнауын, әлемдік мұқитты, ғарышты игерудің практик. міндеттерін шешуге дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Ынтымақтастықтың алуан түрлі нысандары (өзара ақыл-кеңестер, ғыл. болжамдар әзірлеу, ғыл.-зерттеулер жүргізу кезіндегі бірлесулер, ғыл.-тех. ақпарат, патент ісі, өнертабыс, стандарттау саласындағы ынтымақтастық, т.б.) қатысушы елдердің өздерінің ұлттық мүдделері мен экон. даму ерекшеліктеріне неғұрлым сай келетіндерін таңдап алуына мүмкіндік береді.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}