Халықаралық экономикалық ынтымақтастық банкі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халықаралық экономикалық ынтымақтастық банкі (ХЭЫБ) - егеменді мемлекеттердің халықаралық несие-қаржы ұйымы. 1963 ж. 22 қазанда Болгария, Венгрия, ГДР, Кеңес Одағы, Моңғолия, Польша, Румыния, Чехословакия үкіметтері, ең алдымен мүше елдердін өз арасында, сондай-ақ басқа елдермен экономикалық ынтымақтастықты, өзара сауданы дамытуға тиімді жәрдемдесу мақсатында негізін қалаған. Ол көп жақты есеп айырысуды жүзеге асыру үшін құрылған және халықаралық еңбек бөлінісінің терендеуіне, басым сауда қатынастарынан неғұрлым терең мамандануға және кооперацияциялануға көшуге, тікелей өндірістік және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге, бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдарды құруға, басқа елдермен сауда және экономикалық байланыстарды дамытуға септігін тигізуге тиіс. 1964 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады. Кейін Келісімге Куба (1974), Вьетнам (1977) қосылды, ал Банк мүшелерінің құрамынан ГДР (1990), Венгрия C1993) шықты. Банкіге 1992 жылдан Ресей Федерациясы, 1993 жылн Словакия мен Чехия мүше болып табылады.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Economy-stub