Халықаралық туризм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халықаралық туризм - халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылады, қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі рекреациялық ресурстар алғышарт болады. Халықаралық туризм үлесіне шамамен дүниежүзілік жиынтық ішкі өнімнің және жалпы жұмыс істейтін халықтың 10%-ы тиесілі; туризм күшті дамыған кейбір елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мальдив Республикасында туризм мен оған бағдарланған салалар жиынтық ішкі өнімнің 25%-ын береді; Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан халықаралық туризм 1-орында тұр. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60%-дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы, Азияға 10%-ы келеді.<ref name = g1>География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9</ref>

Тау шаңғысы туризмі

Әлемдегі ең ірі тау шаңғысы туризмінің орталығы Альпі болып табылады, жылына бұл аудан 60 млн-нан астам туристерді қабылдайды. Сол себепті альпілік елдерде, әсіресе Швейцария мен Австрияда туристерге қызмет көрсетумен байланысты салалар (шаңғы жолдары мен тауға көтеретін қондырғыларды жабдықтау, аса жайлы қонақүйлер, көлік пен сауда қызметін ұйымдастыру) жоғары дәрежеде дамыған. Әлемнің басқа бөліктерінде де туризмнің бұл түрі дамуда, бірақ бұл жөнінен Альпіге тең келетін аудан жоқ. Біздің елімізде тау шаңғысы туризмін дамытуға қажетті жағдайлар бар, сондықтан Алматы маңындағы Шымбұлақ мекенін халықаралық дәрежедегі туристік орталыққа айналдыру жоспарлануда.<ref name = g1/>

Теңіз жағалауындағы курорттар

Қамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы курорттар жетекші орын алады. Туристердің айрықша жиі баратын ауданы — Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңізі жағалауы. Мұнда әлемге әйгілі Көгілдір жағалау (Француз және Италия Ривьерасы), Кипр жәнө Мальта аралдары, Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы, Солтүстік Африканың курортты қалалары орналаскан. Сонымен қатар Таиланд пен Мұхит аралдарында, Калифорния мен Флориданың құмды жағалауларында, Бразилия мен Мексиканың теңіз курорттарында демалушылар саны артып келеді. Қазақстандағы бірқатар туристік агенттіктер аталған аудандарда еліміз азаматтарының демалысын ұйымдастыру бағытында жұмыс істеуде.<ref name = g1/>

Круиз

Қазіргі кезде теңізді айналып жүзу (круиз) халықаралық туризмнің маңызды түріне айналып отыр. Бұл аса жайлы кемелермен саяхаттау және құмды жағалауларда демалу, бірнеше елмен танысу мүмкіншілігінің ұштастырылуымен түсіндіріледі. Туризмнің бұл түрінің дәстүрлі аудандарына Жерорта теңізі, Кариб алабы мен Мұхит аралдары жатады.

Туристердің көп баратын нысандарының бірі — қалалар. Бұл тұрғыда әсіресе тарихи ескерткіштерімен әйгілі ежелгі қалалар айрықша көзге түседі. Еуропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің ескерткпптері сақталған Европа қалаларына жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірінен туристер легі ағылады.

Франция, Италия және Испанияның әрқайсысына жылына 30 млн-нан астам туристер келіп, оларды қабылдаудан елдер қазынасына 10 млрд доллар шамасында пайда түседі.<ref name = g1/>

Қасиетті діни орындар

Халықаралық туризмнің айрықша түріне қасиетті діни орындарға құлшылық ету жатады. Барлық мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдине қалаларына қажыға бару қасиетті борыш деп есептеледі. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі сәулет өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, мұсылмандардың қадір тұтатын нысаны ретінде де кеңінен танымал. Ал христиан дінінің қасиетті жәдігерлері Иерусалим қаласында шоғырланған. Халықаралық туризмнің басқа да салыстырмалы түрде аз тараған түрлері жеткілікті.<ref name = g1/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geo-stub