Халықаралық жүзу федерациясы
Халықаралық жүзу федерациясы (Үлгі:Lang-fr, қысқаша FINA, қазақша ФИНА) Халықаралық олимпиада комитетімен мақұлданған халықаралық ұйым. Ұйым су спорты түрлеріндегі бәсекелестікті қадағалау үшін құрылған. Әлемнің 202 жүзу федерацияларын біріктіреді. Штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан.
Қазіргі кезде ФИНА су спортының 5 түрін қадағалайды: жүзу, ашық суда жүзу, суға секіру, су добы және синхронды жүзу.
ФИНА эгидасымен, екі жылда бір рет су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.
2009 жылдың 24 шілдесінде ФИНА президенті уругвайлық Хулио Маглионе болып тағайындалды.
Тарихы
ФИНА 1908 жылы 19 шілдеде 1908 жылдың Олимпиада ойындарының соңына қарай Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, және Швеция жүзу федерацияларымен Лондондағы Манчестер қонақ үйінде құрылған.
Ұлттық федерациялардық саны жылдар бойынша:
- 1908: 8
- 1928: 38
- 1958: 75
- 1978: 106
- 1988: 109
- 2000: 174
- 2008: 197
- 2011: 202
Мүше ұйымдар
- Азия (43): Азияның әуесқой жүзу федерациясы
- Aфрика (45): Африкандық жүзу конфедирациясы
- Aмерика (40): Американың әуесқой жүзу одағы
- Eуропа (50): Еуропалық жүзу лигасы
- Oкеания (13): Океанияның жүзу қауымдастығы
Президенттері
ФИНА президенттері | ||
---|---|---|
Есімі | Country | Мерзім |
Джордж Хирн | Үлгі:GBR2 | 1908–1924 |
Эрик Бергвол | Үлгі:SWE | 1924–1928 |
Эмиль-Жорж Дрини | Үлгі:FRA | 1928–1932 |
Вальтер Биннер | Үлгі:GER | 1932–1936 |
Гарольд Ферн | Үлгі:GBR2 | 1936–1948 |
Рене де Рав | Үлгі:BEL | 1948–1952 |
М.Ль. Негри | Үлгі:ARG | 1952–1956 |
Ян де Ври | Үлгі:NED | 1956–1960 |
Макс Риттер | Үлгі:GER | 1960–1964 |
Уильям Бердж Филлипс | Үлгі:AUS | 1964–1968 |
Хавьер Остос Мора<ref name="Ostos">FINA Honorary Life President Lic. Javier Ostos Mora passes away at 92. Published 2008-11-07 by FINA. Retrieved 2008-11-10.</ref> | Үлгі:MEX | 1968–1972 |
Гарольд Хеннинг | Үлгі:USA | 1972–1976 |
Хавьер Остос Мора (2-ші мерзім)<ref name="Ostos">FINA Honorary Life President Lic. Javier Ostos Mora passes away at 92. Published 2008-11-07 by FINA. Retrieved 2008-11-10.</ref> | Үлгі:MEX | 1976–1980 |
Анте Ламбаса | Үлгі:YUG | 1980–1984 |
Роберт Хелмик | Үлгі:USA | 1984–1988 |
Мустафа Ларфэоуи | Үлгі:ALG | 1988–2009 |
Хулио Маглионе | Үлгі:Flagicon Уругвай | 2009–б.к. |
Дереккөздер
<references/>