Халықаралық журналистер федерациясы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Журналистерің Халықаралық Федерациясы, ЖХФ – дүние жүзі журналистерінің ең ірі бірлестігі. Алғаш 1926 жылы құрылған. Кейін 1946 жылы және 1952 жылы жұмысы қайтадан жандандырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық кәсіподақтар қозғалысының шеңберінде құрылған. Әлемнің 100-ден астам елінде 450000 мүшесі бар. ЖХФ баспасөз бостандығы мен әлеуметтік әділеттілікті қорғау үшін халықаралық ауқымда әрекет етеді. Адам құқығын, демократия мен жариялылықты ұстанады, бірақ ешқандай саяси көзқарас ықпалына түспейді. Ақпарат құралдарын саяси, діни, т.б. кикілжіңдерді насихаттау және осы мақсаттарға пайдаланудың барлық түріне қарсы. Өндірістік және кәсіби құқықтары үшін күресуші журналистер мен олардың одақтарын қолдап, гуманитарлық тұрғыдан қолдау мақсатында Халықаралық қауіпсіздік қоры құрылған. ЖХФ жұмысының бағытын үш жылда бір рет шақырылатын конгресс айқындайды, ағымдағы жұмысын Брюссельде құрылған Атқарушы комитеттің жетекшілігімен хатшылық атқарады. Соңғы конгресс 2001 жылы 11 – 15 маусымда Сеулде өтті. <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала